Әулиекөл ауданы Қоғамдық кеңесінің қызметі 2021 жылы Әулиекөл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 4 наурыздағы №281 шешімімен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы ереже негізінде жүзеге асырылады. Қоғамдық кеңес өз қызметінде Конституцияны, оған сәйкес заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
Бүгінгі күні ауданның Қоғамдық кеңесі 9 адамнан құрылған, оның ішінде 3 адам мемлекеттік органдардың өкілдері және 6 азаматтық қоғам өкілдері. 2 комиссия қызметінің негізгі бағыттары бойынша жұмыс істейді:
1.Бюджет мәселелері жөніндегі Комиссия: бюджеттік бағдарламалардың жобаларын, аудан аумағын дамытудың стратегиялық жоспарларын әзірлеуге және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен атқарушы органдардың нысаналы индикаторларға қол жеткізуі туралы есептерін қарауға қатысу бойынша. Төраға экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Т. Печникова болып табылады .
Әулиекөл ауданының Қоғамдық кеңесі аудан билігі органдары мен жұртшылық арасындағы өзара іс-қимылды нығайту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде. Қоғамдық кеңес қызметінің негізгі нысаны отырыс болып табылады. 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында барлығы 13 отырыс өткізілді, 14 нормативтік-құқықтық актілер, "Мемлекеттік жалға берілетін үйдегі коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы" әкімдіктің қаулысы, аудандық мәслихаттың "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға 25% - ға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы", " 2021 жылы денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне, Әулиекөл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген", "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы", "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы", "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы", "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін адамдарды, салық салу объектілерінің Әулиекөл ауданының елді мекендерінде орналасуын есепке алу" шешімдерінің жобалары.
"Қоғамдық бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында кеңес отырысында Әулиекөл ауданы әкімінің "Ауданның 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2021 жылға арналған міндеттері туралы" баяндамасы және аудандық мәслихат хатшысының қосымша баяндамасы тыңдалды.
Мемлекеттік органдар басшыларының 2020 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілігін күшейту мәселелері бойынша есептері тыңдалды.
9 наурызда "Қостанай облысын UTC +5 географиялық уақыт белдеуіне ауыстыру бойынша Әулиекөл ауданының тұрғындарына сауалнама жүргізу қорытындылары туралы" тақырыбында қоғамдық тыңдау өтті. Бұл жерде барлық ауылдық округтерде нақты жұмыстар жүргізілгенін, осы мәселені талқылау бойынша халықпен жиындар өткізілгенін атап өту қажет.
Тиісті қоғамдық тәртіпті, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекет дамуының барлық кезеңдерінде әрдайым өзекті болып келді және болып табылады. "Қоғамдық кеңестер туралы" Заңның 5-бабында Қоғамдық кеңестердің құқық қорғау органдарының басшыларын тыңдау жөніндегі қосымша өкілеттіктері айқындалған. Бұл жаңа норма 2021 жылдың қаңтарынан бастап енгізілді. Ү. ж. 24 мамыр күні аудан әкімдігінде Қоғамдық кеңес отырысы өтті. Әулиекөл аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Е.Қазбаев 2021 жылдың өткен кезеңінде қылмыстың және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша полиция бөлімінің атқарған жұмысы туралы хабардар етті. Ақпаратты тыңдау барысында кеңес мүшелері полиция қызметкерлерін материалдық-техникалық жарақтандыру, БАҚ-та ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр ма, мемлекеттік органдармен, қоғамдық жастар бірлестіктерімен өзара іс-қимыл ұйымдастырылды ма деген сұрақтар қойды.
2 маусымда Әулиекөл ауданы әкімі Е.О. Теменовтің қатысуымен қоғамдық тыңдаулар өтті. Аудан әкімінің орынбасары Д.Тілеубаев, аудандық мәслихат хатшысы Д. Қойшыбаев, ауыл шаруашылығы және ветеринария, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік бөлімдерінің басшылары, БАҚ өкілдері. Әулиекөл ауылының және Новонежин ауылдық округінің әкімдері шақырылды. Жиналғандар Әулиекөл ауылының тұрғыны Е. Л.Сухобаеваның № 7 бағдардағы қоғамдық көлік қозғалысы және Новонежин ауылының тұрғыны Б.Бердібековтың жайылым аумағын заңсыз жырту туралы өтініштерін қарады. Қарау қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар берілді.
Бірінші жартыжылдықта Қоғамдық кеңес мүшелері аудандық мәслихат депутаттарымен бірлесіп Новонежинка ауылында су құбыры құрылысына, Әулиекөл ауылын газдандыру мәселелері бойынша мониторинг, короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша санитариялық талаптардың сақталуы тұрғысынан сауда нүктелеріне мониторинг, бірінші қажеттілік өнімдеріне баға мониторингін жүргізді.
Кеңес мүшелері ведомствоаралық комиссиялардың құрамына кіреді, аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырыстарына, жергілікті қоғамдастық жиындарына, сондай-ақ ауданның қоғамдық өміріне қатысады.