Қостанай облысы Әулиекөл аудандық мәслихатының 2017 жылғы 29 қарашадағы № 152«Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай облысы Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Қостанай облысы Әулиекөл аудандық мәслихатының «Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 29 қарашадағы № 152 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7410 болып тіркелген)шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 шілдеден туындаған қатынасқа қолданылады. 
Дата публикации
13 июля 2021