ПОСТАНОВЛЕНИЕ каз

Әлеуметтік саясат, заңдылық және құқық тәртібі,

депутаттық өкілеттік және этика мәселелері бойынша аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының

 ҚАУЛЫСЫ

 

 

Атбасар қаласы                               № 7                      2024 жылғы 11 қазан

 

 

«Атбасар ауданының

Құрметті азаматы»

атағын беру туралы

 

 

         Ақмола облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 7С-20-9 шешімімен бекітілген «Ақмола облысының (қала, аудан) Құрметті азаматы» атағын беру Ережелерінің 18 тармағына сәйкес, Атбасар ауданы әкімінің 2024 жылғы 9 қазандағы №02-09/1023 ұсынысы негізінде Атбасар аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 

  1. Қоса берілген Атбасар аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының қорытындысы бекітілсін.
  2. «Атбасар ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы» шешімнің жобасы аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма бірінші сессиясына бекіту үшін енгізілсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік саясат, заңдылық және құқық тәртібі, депутаттық өкілеттік және этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Әлеуметтік саясат, заңдылық

және құқық тәртібі, депутаттық

өкілеттік және этика мәселелері

бойынша аудандық мәслихаттың

тұрақты комиссиясының                                                  С.Ақсеитова

 

Дата публикации
05 ноября 2024