Әлеуметтік саясат, заңдылық және құқық тәртібі, депутаттық өкілеттік және этика мәселелері бойынша аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының № 2 ҚАУЛЫСЫ

Әлеуметтік саясат, заңдылық және құқық тәртібі,

депутаттық өкілеттік және этика мәселелері бойынша аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының

№ 2 ҚАУЛЫСЫ

 

 

Атбасар қ.                                                          2023 жылғы 24 мамыр

 

 

«Ақмола облысы Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын және сауықтырылуын ұйымдастыру  туралы  есебі.

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, «Ақмола облысы Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы  Наймушина Наталья Георгиевнаның баяндамасын тындай келе осы бағытта нақты жұмыс жүргізіліп жатқаның атап өтті.

Демалыс кезеңінде балалардың демалысын, жұмыспен қамтылуын және сауықтырылуын ұйымдастыру үшін қажетті жағдайлар жасау, балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар мен қадағалаусыз қалудың алдын алу, оларда әлеуметтік құзыреттіліктерді, көшбасшылық қасиеттерді, шығармашылық және зияткерлік дамуды қалыптастыру мақсатында ауданның білім бөлімі мен мектептері жазғы кезең ішінде балалардың белсенді демалысын және сауықтырылуын ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізеді, ал сонымен қатар оқушыларды барлық қызмет түрлерімен қамту

2022-2023 оқу жылының соңында 1-11 сынып оқушыларының саны 7124 оқушыны құрайды.

ЖБТ есебінде 4 оқушы бар. Бұл контингент білім басқармасының, білім бөлімінің және мектеп әкімшілігінің ерекше бақылауында.

5 маусым мен 25 тамыз аралығында 32 мектеп жанындағы алаңда бастауыш буын балаларының демалысы ұйымдастырылады. Жазғы кезеңде мектеп жанындағы алаңдарда барлығы 3683 бала қамтылады (0-4 сыныптар). Мектеп жанындағы алаңдардың жұмысы бес күндік жұмыс аптасымен ұйымдастырылды.

Жаз бойы аудан мектептерінде тілдік мектептер, аула клубтары, физика-математика мектептері, химия-биология мектептері, қызығушылық үйірмелері, көшбасшылар активінің жазғы мектептері, «Жас Ұлан» ұйымдары, дебат клубтары, экологиялық десанттар, мектеп мұражайларының жұмысы, «Сәбилер мектебі» ұйымдастырылады.

Аула клубтарында ауданның 30 мектебі бар. Жұмыс уақыты сағат 16: 00 – ден 20:00 – ге дейін, аула клубтарының жұмыс бағыттары – спорттық-сауықтыру, сәндік-қолданбалы, музыкалық.

Жазғы кезеңде қосымша білім беру мекемелерінде: БЖШО, «ОЛИМП» ДСК, БММ, сондай-ақ жазғы кезеңде балаларды жұмыспен қамту бойынша жұмыс ұйымдастырылады.

5 маусым мен 8 тамыз аралығында «Есіл» ЗОК алты ауысымының жұмысы ұйымдастырылады.

2023 жылдың жазында «Қазақстан халқына» қорының қаражаты есебінен Ақмола облысының «Сұңқар» балалар сауықтыру лагерлерінде ауыл мектептерінен 36 баланың демалысы жоспарлануда.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, әлеуметтік саясат, заңдылық және құқық тәртібі, депутаттық өкілеттік және этика жөніндегі тұрақты комиссия  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. ««Ақмола облысы Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын және сауықтырылуын ұйымдастыру туралы  есебі» есепті ақпараты -мәліметке алынсын.
  2. «Ақмола облысы Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Н.Г.Наймушинаға ұсынылсын:

-2023 жылғы жазғы каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын жалпы үйлестіруді және бақылауды қамтамасыз ету.

-жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың, даму мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалардың сауықтыру демалысын қамтамасыз ету.

  1. Ақмола облысы Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Атбасар ауданының полиция бөлімінің жергілікті полиция бөлімімен бірлесіп:

- жазғы демалыс кезінде құқық бұзушылықтардың, қылмыстардың алдын алу, балалардың панасыздығы мен қараусыз қалуының алдын алу бойынша іс-шаралар өткізу.

  1. Ақмола облысы Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне «Атбасар ауданының төтенше жағдайлар бойынша бөлімі» РММ бірлесіп:

- балалардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және балалардың сауықтыру демалысы орындарында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша профилактикалық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік саясат, заңдылық және құқық тәртібі, депутаттық өкілеттік және этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

 

 

Тұрақты комиссияның төрағасы:                           С.Аксеитова

№ 2 ҚАУЛЫСЫ
Дата публикации
26 июля 2023