Бюджеттік саясат, коммуналдық инфрақұрылымды және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Атбасар аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясы отырыстарының ҚАУЛЫСЫ

Бюджеттік саясат, коммуналдық инфрақұрылымды және

кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Атбасар аудандық мәслихатының

тұрақты комиссиясы отырыстарының

ҚАУЛЫСЫ

  

Атбасар  қ.                                                                            19 мамыр 2023 жыл

 

 

2022 жылға Атбасар ауданының аудандық бюджеттің, Атбасар қаласы, ауылдар мен ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы

 

Ауданның экономика және қаржы бөлімі басшысының, Атбасар ауданының қала, ауыл және ауылдық округ әкімдерінің баяндамаларын тыңдап, Атбасар аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:

  1. Ауданның экономика және қаржы бөлімі басшысының, Атбасар ауданының қала, ауыл және ауылдық округ әкімдерінің «2022 жылға арналған Атбасар ауданының аудандық бюджетінің, Атбасар қаласы, ауыл және ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы» әкімдерінің баяндамалары-мәліметке алынсын.
  2. Аудандық мәслихат сессиясының күн тәртібінің қарауына «2022 жылғы Атбасар ауданының аудандық бюджетінің, Атбасар қаласының, ауылдар мен ауылдық округтердің бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы» мәселе енгізілсін.
  3. Атбасар ауданының әкімдігіне ұсынылады:

1) әлеуметтік-экономикалық мақсаттарға ең жақсы және тиімді қол жеткізу қажеттілігін негізге ала отырып, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бағдарланған бюджетті әзірлеуді және орындауды қамтамасыз ету;

2) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің дебиторлық және кредиторлық берешектерін өтеу бойынша бақылауды күшейту, бюджеттік бағдарламалардың орындалуының қаржылық тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету;

3) аудан бюджетінен бөлінген бюджет қаражатының уақтылы игерілуіне бақылауды күшейту жөнінде шаралар қабылдау;

4) республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінген нысаналы трансферттерді толық көлемде игеруді қамтамасыз ету;

5) заңнамада көзделген жазаларды қолдану арқылы бюджет қаражатын тиімсіз және уақтылы жұмсамағаны үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жауапкершілігін арттыруға міндетті.

4. «Атбасар ауданның экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне ұсынылады:

1) кірістер мен шығыстарды жоспарлау сапасын арттыруға бағытталған шараларды қабылдау;

2) бюджет қаражатын игеру барысына неғұрлым қатаң мониторингті қамтамасыз етуге және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жауапкершілігін күшейту;

4) бір жыл ішінде әкімшілердің бюджеттік бағдарламаларды түзетулерін барынша азайту мақсатында бюджеттік жоспарлау рәсімін жетілдіру;

5. Бюджетті бағдарламалар әкімшіліктеріне ұсынылады:

1) Бюджет қаражатын жоспарлау және пайдалану, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу кезінде Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының талаптарын тұрақты сақтау;

2) бюджет қаражатын 100% игеру бойынша қажетті шараларды қабылдау.

  1. Осы қаулы қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

Тұрақты

комиссия төрағасы                                         Досмұханов Р.Қ.

Постановление
Дата публикации
25 июля 2023