Атбасар аудандық маслихатының 2013 жылғы 28 қаңтардағы №5С 13/2 шешімі
2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1998 жылғы 24 наурыздағы «Құқықтық нормативтік актілер туралы» Заңдарына, 2011 жылғы 25 тамыздағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін өткізу Ережесін бекіту туралы» №964 қаулысына сәйкес, салық басқармасының 2013 жылғы 17 қаңтардағы №257 хаты негізінде, Атбасар аудандық мәслихаты шешім етті:
1. Атбасар аудандық мәслихатының 2009 жылғы 30 қаңтардағы «Кәсіпкерлік қызметтің жекеленген түрлері үшін біржолғы талон бағасын белгілеу туралы» №4С15/4 шешімі күшін жойды деп танылсын, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-5-108 тіркелген, 2009 жылғы 13 наурызда №10 «Атбасар» және №10 «Простор» газеттерінде жарияланған).
2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы,
Атбасар аудандық
мәслихатының хатшысы Борұмбаев Б.А.