Атбасар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 6С 7/3 шешімі (Ақмола облысы Әділет департаментінде 2017 жылы 5 қаңтарда № 5666 тіркелді)
2017-2019 жылдарға арналған
аудан бюджеті туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9 - бабының 2 - тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 - бабының1 - тармағының 1) - тармақшасына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2017-2019 жылдарға арналған аудан бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2017 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 3 972335,0 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 1 278393,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 7 541,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 30 915,0 мың теңге;
трансферттер түсімі - 2 655486,0 мың теңге;
2) шығындар - 3 963125,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу -6 770,0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер -10 211,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу -3 441,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 9 210,0мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу -9 210, мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) --6 770,0мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) -6 770,0 мың теңге:
қарыздар түсімі -10 211,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу -3 441,0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0 мың теңге.
2. 2017 жылға арналған аудан бюджетінде облыстықбюджеттен берілетін2 118 529,0 мың теңге сомада субвенция қарастырылғаны ескерілсін.
3. 2017 жылға ауданның жергілікті атқарушы органының резерві 15 253,0 мың теңге сомада бекітілсін.
4. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдардыңжәне ауылдық округтердің бюджеттік бағдарламалары4, 5, 6 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
5. 2017 жылға арналған аудан бюджетінде республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер және бюджеттік кредиттер 7 қосымшаға сәйкес қарастырылғаны ескерілсін.
6. 2017 жылға арналған аудан бюджетінде облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер 8 қосымшаға сәйкес қарастырылғаны ескерілсін.
7. 2017 жылға арналған аудан бюджетінде жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттердің аудандық маңызы бар қала, ауылдар, ауылдық округтер арасында бөлінуі 9 қосымшаға сәйкес қарастырылғаны ескерілсін.
8. 2017 жылға арналған аудан бюджетін атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын аудандық бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 10 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
9. 2017 жылға арналған аудан бюджетінде мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін 2010-2016 жылдары бөлінген бюджеттік кредиттер бойынша 3 441,0 мың теңге сомада негізгі қарыздарды өтеу қарастырылғаны ескерілсін.
10. 2017 жылға арналған аудан бюджетінде республикалық бюджеттен кондоминиумның жалпы мүлкіне жөндеу жүргізуге бөлінгенбюджеттік кредиттер бойынша 32,0 мың теңге сомада сыйақы қарастырылғаны ескерілсін.
11. 2017 жылға арналған аудан бюджетінде республикалық бюджеттен мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бөлінген бюджеттік кредиттер бойынша 5,0 мың теңге сомада сыйақы қарастырылғаны ескерілсін.
12.Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет саласындағы мамандарға, қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленсiн.
13. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Атбасар аудандық
сессиясының төрағасы мәслихатының хатшысы
___________ Ақсеитова С.К. ____________Борұмбаев Б.А.