Атбасар аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 5С 21/7 «Атбасар ауданының Атбасар қаласы және ауылдық елді мекендердегі жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Атбасар аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 5С 21/7 «Атбасар ауданының Атбасар қаласы және ауылдық елді мекендердегі жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Атбасар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 6С 7/9 шешімі (Ақмола облысы Әділет департаментінде 2017 жылы 13 қаңтарда № 5692 тіркелді)

Прилождение

 

Атбасар аудандық мәслихатының

2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 5С 21/7

«Атбасар ауданының Атбасар қаласы және

ауылдық елді мекендердегі жер учаскелері үшін

төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін

бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы


«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 - бабына, «Ақмола облысы Атбасар ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қыркүйектегі № А-11/451 қаулысына және Ақмола облыстық мәслихатының 2016 жылғы 19 қыркүйектегі № 6С-5-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5578 тіркелген) шешіміне сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атбасар аудандық мәслихатының «Атбасар ауданының Атбасар қаласы және ауылдық елді мекендердегі жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 5С 21/7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3993 тіркелген, 2014 жылғы 7 ақпандағы «Атбасар», «Простор» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған шешiмнің 2 қосымшасы осы шешiмнiң қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.


Аудандық мәслихат                    Атбасар аудандық
сессиясының төрағасы               мәслихатының хатшысы
___________ Ақсеитова С.К.        ____________Борұмбаев Б.А.

 

Дата публикации
19 июля 2021