Атбасар ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Атбасар ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Атбасар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 қаңтардағы № 6С 8/3 шешімі (Ақмола облысы Әділет департаментінде 2017 жылы 23 ақпанда № 5765 тіркелді)

 

 

 


Атбасар ауданында жиналыстар,

митингілер, шерулер, пикеттер және

демонстрациялар өткізу тәртібін

қосымша реттеу туралы


«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10 - бабына,«Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қосымшаға сәйкесАтбасар ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі қосымша реттелсін.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.


Аудандық мәслихаты                                     Атбасар аудандық
сессиясының төрағасы                                  мәслихатының хатшысы

___________ СәдуақасовМ.Н.                        _____________ Борұмбаев Б.А.

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Атбасар ауданының әкімі

___________ А.Н. Никишов
20 қаңтар 2017 жыл


Атбасар аудандық мәслихатының
2017 жылғы 20 қаңтардағы
№ 6С 8/3 шешіміне
қосымша

 

Атбасар ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі

 

1. Атбасар ауданында жиналыстар және митингілер өткізу орындары белгіленсін:
1) Атбасар қаласы, Шоқан Уәлиханов көшесі, орталық алаң;
2) Атбасар қаласы, Жеңіскөшесі, «Жеңіс сквері».
2. Атбасар ауданында шерулер мен демонстрациялар өткізу маршруты белгіленсін:
1) Атбасар қаласы, орталық алаңынан Шоқан Уәлиханов көшесінің бойымен Ақан Құрманов көшесінің бұрылысына, әрі қарай Ақан Құрманов көшесінің бойымен Сәкен Сейфулин көшесінің бұрылысына және «Жеңіс скверіне» дейін;
2) Атбасар қаласы, Ақан Құрманов және Шоқан Уәлиханов көшелері қиылысынан Шоқан Уәлиханов көшесі бойымен орталық алаңға дейін.
3. Жиналыстарды, митингiлерді, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды өткiзу орындарында:
1) алкоголь ішімдіктерін ішуге, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, оларға ұқсас өнімдерді, прекурсорларды қолдануға;
2) транспаранттарды, ұрандарды,басқа да материалдарды (көрнекі, аудио/видео) қолдануға,сондай-ақкөпшілік алдындақоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға, біреуге қатысты зәбір көрсетуге шақыратын сөз сөйлеулерге жол берілмейді.
4. Қоғамдық тәртіп пен пикетке қатысушылардың қаупсіздігін қамтамасыз ету мақсатында:
1) түрлі жеке пикеттерге қатысушылар бір-бірінен 50 метрден кем емес қашықтықта орналасуы немесе бір-біріне айқын көрініп тұруы қажет;
2) жергілікті атқарушы органдар бір күнде және бір уақытта, бір объектіде үштен аспайтын жеке пикеттерді өткізуге рұқсат берулері мүмкін.
5. Пикет өткізу кезінде:
1) пикет өткізілетін объектінің маңында тұруға, отыруға;
2) көрнекі үгіттеме құралдарын пайдалануға;
3) пикеттің тақырыбы бойынша қысқа ұрандар, слогандар айтуға рұқсат беріледі.
6. Жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрациялар өткізуге рұқсат беруден Атбасар ауданының әкімдігі бас тартқан жағдайда немесе оны тыйым салу шешімі қабылданған жағдайда, уәкілдер (ұйымдастырушылар) барлық дайындық шараларын тоқтатуға және бұл туралы ықтимал қатысушыларды тиісті тәртіпте хабардар ету бойынша тез арада шаралар қолданады.

Дата публикации
19 июля 2021