Атбасар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22ақпандағы № 6С 9/3 шешімі (Ақмола облысы Әділет департаментінде 2017 жылы 1наурызда № 5790 тіркелді)
Атбасар аудандық мәслихатының
2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 6С 7/3
«2017-2019 жылдарға арналған аудан бюджеті туралы»
шешіміне өзгерістеренгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 104 - бабының 5 - тармағына, 109 бабының 1 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 - бабының 1 - тармағының 1)-тармақшасына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атбасар аудандық мәслихатының «2017-2019 жылдарға арналған аудан бюджеті туралы»2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 6С 7/3(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5666 тіркелген, 2017 жылғы 10 ақпандағы «Атбасар», «Простор» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2017-2019 жылдарға арналған аудан бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2017 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 4 035 492,1 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 1 288 393,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 7 698,1 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 83 915,0 мың теңге;
трансферттер түсімі - 2 655 486,0 мың теңге;
2) шығындар - 4 039377,9 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 6 770,0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 10 211,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 3 441,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 11 210,0мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 11 210,0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) --21 865,8 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) -21 865,8 мың теңге:
қарыздар түсімі - 10 211,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 3 441,0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 15 095,8 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1, 4, 9 қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Атбасар аудандық
сессиясының төрағасы мәслихатының хатшысы
___________ СәдуақасовМ.Н. ____________Борұмбаев Б.А.
«КЕЛІСІЛДІ»
Атбасар аудан әкімінің
міндетін атқарушы
___________ А.В. Чириков
22 ақпан 2017 жыл