Атбасар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Атбасар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Атбасар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 ақпандағы № 6С 9/10 шешімі (Ақмола облысы Әділет департаментінде 2017 жылы 17 наурызда № 5835 тіркелді)

 

 

 


Атбасар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің,

оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың

жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың

қағидаларын бекіту туралы

 


«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 - бабының 2-3 - тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Атбасар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
2. Атбасар аудандық маслихатының кейбір шешімдері қосымшаға сәйкес күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.


Аудандық мәслихат                                                     Атбасар аудандық
сессиясының төрағасы                                              мәслихатының хатшысы

___________Садуәқасов М.Н.                                  ___________ Борұмбаев Б.А.

 

 

 

 

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»


Атбасар аудан әкімінің
міндетін атқарушы

___________ А.В. Чириков
22 ақпан 2017 жыл

Атбасар аудандық маслихатының 2017 жылғы 22 ақпандағы
№ 6С 9/10 шешімімен
бекітілген


Атбасар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

 

1. Осы Атбасар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 -бабының 2-3 - тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді.

1. Жалпы ережелер

2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) уәкілетті ұйым - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциалық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалы «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» Департаментінің Атбасар аудандық бөлімшесі;
2) атаулы күндер - жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
3) арнайы комиссия - өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Атбасар ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
4) ең төмен күнкөріс деңгейі - Ақмола облысының статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
5) мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы - отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
7) өмірлік қиын жағдай - азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
8) уәкілетті орган - «Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
9) учаскелік комиссия - әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін, Атбасар ауданының қала, ауыл, ауылдық округтер әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
10) шекті шама - әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
3. Осы Қағидалар Атбасар ауданының аумағында тұрақты тұратын тұлғаларға таралады.
4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде уәкілетті орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне көрсететін көмек түсініледі.
5. «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 20 -бабында және «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
6. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.
7. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндердің тізбелері, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі:
1) Жеңіс күні - 9 мамыр (бір рет);
2) Қарт адамдар күні - 1 қазан (бір рет);
3) Мүгедектер күні - қазанның екінші жексенбісі (бір рет).

2. Санаттар тізбесі және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері

8. Әлеуметтік көмек алушылардың келесі санаттарына беріледі:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға;
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген басқа тұлғалардың санаттарына;
ең төмен зейнетақыны алатын зейнеткерлерге және жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны алатындарға;
барлық санаттағы мүгедектерге;
жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер;
ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi;
бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi;
Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған жұмысшылар мен қызметшілері;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылып шыққан тұлғаларға;
пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға;
табиғи апат немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға);
әлеуметтік мәні бар (туберкулезбен, онкологиялық аурулармен және адамның иммундық тапшылық вирусы) аурулармен ауыратын тұлғаларға;
ауылдық елді мекендерде тұратын, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың, колледждерде ақы төлеу негізінде күндізгі оқу нысанасы бойынша оқитын студенттерге;
бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған негіздер;
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан, азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу, немесе әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
3) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгіленбейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы, орташа табыстың бар болуы;
4) аз қамтылған және көп балалы отбасы.
9. Әлеуметтік көмек көрсетіледі:
1) 9 мамыр - Жеңіс күніне;
Ұлы Отан Соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне - елу төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан Соғының қатысушыларына теңестірілген тұлғаларына - бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан Соғының қатысушыларына теңестірілген тұлғалардың басқа санаттарына - үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) Қарт адамдар күніне:
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Респубикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы Заңымен тиісті жылға белгіленген ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлерге және жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны алатын тұлғаларға - екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) Мүгедектер күніне:
барлық санаттағы мүгедектерге - екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
4) Отбасына (азаматтарға) өмірлік қиын тіршілік жағдайы туындағаннан кейін, он екі айдан кешіктірмей берген өтініштері бойынша отбасының (азаматтың) табысына байланыссыз бір жолғы көмек:
табиғи зілзала немесе өрт салдарынан азаматқа (отбасына) келген жағдайда «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті Атбасар ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің анықтамасы негізінде, жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
әлеуметтік мәні бар (туберкулезбен, онкологиялық аурулармен - АИТВ) аурулармен ауыратын тұлғаларға, денсаулық сақтау органдарында тіркеуде тұратыны туралы медициналық мекеменің анықтамасы негізінде, он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
ауылдық елді мекендерде тұратын, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың колледждерде ақы төлеу негізінде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге оқуын төлеуге, білім беру мекемесімен жасасқан келісім шарттың көшірмесі негізінде облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен, жылдық оқу құнының жүз пайыздық мөлшерінде;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылып шыққан тұлғаларға бес айлық көрсеткіш мөлшерінде;
медициналық мекемеден эпикриз қорытындысының көшірмесі негізінде жедел түрде емделуіне (ота) алуына байланысты он бес айлық көрсеткіш мөлшерінде;
5) ай сайын коммуналдық қызмет шығындары үшін өтініш берусіз уәкілетті ұйыммен ұсынылған тізімдерінің негізінде:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен жүз пайыз мөлшерінде, сумен, канализация, газбен, жылумен, электр қуатымен қамтамасыз ету, қоқыстарды жоюы, телефон байланысы қызметтері, абоненттік төлемақылары үшін, ұсынылған түбіртектерге сәйкес алушының есеп шотына аудару жолымен.
Әлеуметтік көмек бірге тұрып жатқан және онымен бірге тіркелген (отбасы мүшелеріне) де көрсетіледі, оларға жеңілдік Ұлы Отан соғысының қатысушысы немесе мүгедегі пайдаланғанға дейін таратылады;
екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашисттер мен олардың одақтастары құрған конслагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына, бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
6) Бір рет, әлеуметтік көмек көрсетіледі:
жұмыссыздарды жерлеуге, қайтыс болған кезінде жұмыссыз ретінде уәкілетті органдарда тіркелгендерге, он бес айлық көрсеткіш мөлшерінде;
«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндеттерін атқарушысының 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7306 тіркелген) тізілімге енгізілмеген дәрі-дәрмектерді сатып алғандары үшін, дәрігерлік-кеңестік комиссиясының қорытындысы бойынша, он бес айлық көрсеткіш мөлшерінде;
7) бір рет, уәкілетті ұйымның берген тізімдер негізінде өтініш бере отырып:
әскери мiндеттiлердің қайтыс болғандарды жерлеуге, жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлгендерге, он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшін Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне, он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне, он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

10. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның ұсынымы бойынша Атбасар ауданының әкімдігі бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
11. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе қала, ауыл, ауылдық округ әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
3) Үлгілік қағидаларға 1 - қосымшаға сәйкес, адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын, актіні және/немесе құжатты ұсынады.
12. Құжаттар салыстырып, тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде, уәкілетті орган немесе қала, ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін, учаскелік комиссияға жібереді.
14. Учаскелік комиссия, құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидаларының 2, 3 - қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе қала, ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.
Қала, ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап, екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
15. Әлеуметтік көмек көрсету үшін, құжаттар жетіспеген жағдайда, уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін, қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
16. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
17. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе қала, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап, бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
18. Арнайы комиссия, құжаттар келіп түскен күннен бастап, екі жұмыс күні ішінде, әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде, әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
19. Уәкілетті орган, өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде, әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы Қағидалардың 15 және 16 - тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе қала, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап, жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
20. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда - негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
21. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тартылады:
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталғанда;
2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
22. Ағымдағы қаржы жылына арналған әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Атбасар ауданының бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
23. Әлеуметтік көмек екінші деңгейдегі банктер немесе тиісті банктік операциялар жасауға лицензиялары бар ұйымдар ақшалай түрде, алушының есеп шоттарына аудару арқылы ұсынылады.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

24. Әлеуметтік көмек:
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы Атбасар ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
25. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

26. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

 

 

 

Атбасар аудандық малихатының 2017 жылғы 22 ақпандағы № 6С 9/10 шешіміне
қосымша


Атбасар ауданының маслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізімі

 

1. Атбасар аудандық маслихатының 2013 жылғы 30 қыркүйектегі № 5С 18/2 «Атбасар ауданының жекелеген санаттарының мұқтаж тұлғалардың тізбесін айқындау, мөлшерін белгілеу мен әлеуметтік көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3857 тіркелген, 2013 жылдың 1 қарашасында «Атбасар», «Простор» газеттерінде жарияланған) шешімі.
2. Атбасар аудандық маслихатының 2016 жылығы 27 сәуірдегі № 6С 2/4 «Атбасар аудандық маслихатының 2013 жылғы 30 қыркүйектегі № 5С 18/2 «Атбасар ауданының жекелеген санаттарының мұқтаж тұлғалардың тізбесін айқындау, мөлшерін белгілеу мен әлеуметтік көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер еңгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5377 тіркелген, 2016 жылдың 3 шілдесінде «Атбасар», «Простор» газеттерінде жарияланған) шешімі.
3. Атбасар ауданының маслихатының 2016 жылғы 14 қыркүйектегі № 6С 5/3 «Атбасар аудандық маслихатының 2013 жылғы 30 қыркүйектегі № 5С 18/2 «Атбасар ауданының жекелеген санаттарының мұқтаж тұлғалардың тізбесін айқындау, мөлшерін белгілеу мен әлеуметтік көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер еңгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5544 тіркелген, 2016 жылдың 3 қазанында «Атбасар», «Простор» газеттерінде жарияланған) шешімі.

Дата публикации
19 июля 2021