Атбасар ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы

Атбасар ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы

Атбасар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 ақпандағы № 6С 9/11 шешімі (Ақмола облысы Әділет департаментінде 2017 жылы 30 наурызда № 5859 тіркелді)

 

 

 

Атбасар ауданында мүгедектер қатарындағы

кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша

үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу тәртібін

және мөлшерін айқындау туралы

 


«Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16 - бабына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 11 - бабына сәйкес, Атбасар аудандық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атбасар ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу тәртібі айқындалсын:
1) үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу (толықтай мемлекет қамтамасыз ететін мүгедек балалар және оларға қатысты ата-аналары, ата-ана құқығынан айырылған мүгедек балалардан басқа) мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың ата-анасының біреуіне және басқа заңды өкілдеріне отбасы кірісіне тәуелсіз беріледі;
2) шығындарды өтеу өтініш білдірген айдан бастап «Ақмола облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жанындағы ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін беріледі;
3) шығындарды өтеу қаржыландырудың түсуіне байланысты өткен айға жүргізіледі. Шығындарды өтеу тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектер қатарындағы кемтар баланың 18 жасқа толуы, қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау), төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
2. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындар әр балаға ай сайын үш айлық есептік көрсеткіш мөлшері айқындалсын.
3. Атбасар аудандық маслихатының 2014 жылғы 27 қазандағы № 5С 28/5 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу тәртібін және мөлшерін белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4453 тіркелген, 2014 жылдың 28 қарашасында «Атбасар», «Простор» газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.


Аудандық мәслихат                                                Атбасар аудандық
сессиясының төрағасы                                           мәслихатының хатшысы

___________ Садуәқасов М.Н.                              _____________ Борұмбаев Б.А.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»


Атбасар аудан әкімінің
міндетін атқарушы

___________ А.В. Чириков
22 ақпан 2017 жыл

Дата публикации
19 июля 2021