Атбасар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 18 тамызындағы № 6С 12/3 шешімі (Ақмола облысы Әділет департаментінде 2017 жылы 18 тамызында № 6057 тіркелді)
Атбасар аудандық мәслихатының
2016 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 6С 7/3 «2017-2019 жылдарға
арналған аудан бюджеті туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109 - бабының 1 - тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 - бабының 1 - тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атбасар аудандық мәслихатының «2017-2019 жылдарға арналған аудан бюджеті туралы» 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 6С 7/3 (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5666 тіркелген, 2017 жылғы 19 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің тақырыбында, бүкіл мәтіні бойынша және шешімнің қосымшаларында «аудан бюджеті», «аудан бюджетін», «аудан бюджетінде» сөздері «аудандық бюджет», «аудандық бюджетті», «аудандық бюджетте» сөздерімен ауыстырылсын;
1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2017 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 5 025 049,3 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 1 288 393,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 7 698,1 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 106 598,3 мың теңге;
трансферттер түсімі - 3 622 359,9 мың теңге;
2) шығындар - 5 029 457,1 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 6 770,0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 10 211,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 3 441,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 10 688,0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 10 688,0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -21 865,8 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 21 865,8 мың теңге:
қарыздар түсімі - 10 211,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 3 441,0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 15 095,8 мың теңге.»;
3 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«3. 2017 жылға ауданның жергілікті атқарушы органының резерві 13 646,4 мың теңге сомада бекітілсін.»;
көрсетілген шешімнің 1, 2, 4, 8 қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3, 4 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Атбасар аудандық
сессиясының төрағасы мәслихатының хатшысы
___________ Дүйсембаев М.М. ____________Борұмбаев Б.А.
«КЕЛІСІЛДІ»
Атбасар ауданының әкімі
___________ А.Н. Никишов
11 тамыз 2017 жыл