Атбасар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 қарашадағы № 6С 14/2 шешімі (Ақмола облысы Әділет департаментінде 2017 жылы 8 желтоқсанда № 6206 тіркелді)
Атбасар аудандық мәслихатының
2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 6С 7/3
«2017 - 2019 жылдарға арналған аудандық
бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атбасар аудандық мәслихатының «2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 6С 7/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5666 тіркелген, 2017 жылғы 19 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2017 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 5 840 554,1 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 1 288 393,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 9 180,2 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 105 116,2 мың теңге;
трансферттер түсімі - 4 437 864,7 мың теңге;
2) шығындар - 5 846 253,9 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 5 536,5 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 8 977,5 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 3 441,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 10 550,0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 10 550,0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -21 786,3 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 21 786,3 мың теңге:
қарыздар түсімі - 8 977,5 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 3 441,0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 16 249,8 мың теңге.»;
3 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«3. 2017 жылға арналған ауданның жергілікті атқарушы органының резерві 14 186,4 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
көрсетілген шешімнің 1, 4, 7, 8, 9 қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3, 4, 5 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Атбасар аудандық
сессиясының төрағасы мәслихатының хатшысы
___________ Садуақасов М.Н. ____________Борұмбаев Б.А.
«КЕЛІСІЛДІ»
Атбасар ауданының әкімі
___________ А.Ә. Қалжанов
27 қараша 2017 жыл