2018 жылға арналған Атбасар ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы

2018 жылға арналған Атбасар ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы

Атбасар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 қарашадағы № 6С 14/5 шешімі (Ақмола облысы Әділет департаментінде 2017 жылы 12 желтоқсанда № 6215 тіркелді)

 

2018 жылға арналған Атбасар ауданының

ауылдық елді мекендерге жұмыс iстеуге және

тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру,

әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет,

спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы

мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу

немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы


«Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңының 18-бабының 8-тармағына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысының 2-тармағына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9946 тіркелген) сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2018 жылға арналған Атбасар ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға көрсетілсін:
1) жетпiс еселік айлық есептiк көрсеткiшке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бiр мың бес жүз еселiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомада бюджеттiк несие.
2. Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.


Аудандық мәслихат                                                                                Атбасар аудандық
сессиясының төрағасы                                                                          мәслихатының хатшысы

_____________ Сәдуақасов М.Н.                                                       _____________ Борұмбаев Б.А.

 

 

 

 

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Атбасар ауданының әкімі

______________ А.Ә. Қалжанов
27 қараша 2017 жыл

Дата публикации
19 июля 2021