2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы

2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы

Атбасар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 6С 15/2 шешімі (Ақмола облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 3 қаңтарда № 6270 тіркелді)

 

Қосымша

 

2018-2020 жылдарға арналған
аудандық бюджет туралы



Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2018 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 4 336 402 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 988 992 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 8 880 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 47 505 мың теңге;
трансферттер түсімі - 3 291 025 мың теңге;
2) шығындар - 4 336 402 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 6 761 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 10 823 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 4 062 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -6 761 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 6 761 мың теңге:
қарыздар түсімі - 10 823 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 4 062 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0 мың теңге.
2. 2018 жылға арналған аудандық бюджетте Атбасар қаласының бюджетінен аудандық бюджетке 183 534 мың теңге сомада бюджеттік алып қоюлардың көлемі қарастырылғаны ескерілсін.
3. 2018 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен аудандық бюджетке берілетін 2 273 379 мың теңге сомада бюджеттік субвенцияның көлемі қарастырылғаны ескерілсін.
4. 2018 жылға арналған аудандық бюджетте аудандық бюджеттен Мариновка ауылдық округінің бюджетіне берiлетiн 7 117 мың теңге сомада бюджеттік субвенцияның көлемі қарастырылғаны ескерілсін.
5. 2018 жылға арналған ауданның жергілікті атқарушы органының резерві 13 935 мың теңге сомада бекітілсін.
6. Ауылдардың және ауылдық округтердің бюджеттік бағдарламалары 4, 5, 6 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
7. 2018 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер және бюджеттік кредиттер 7 қосымшаға сәйкес қарастырылғаны ескерілсін.
Нысаналы трансферттер және бюджеттік кредиттердің көрсетiлген сомаларын бөлу аудан әкiмдiгiнің қаулысымен белгіленеді.
8. 2018 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер 8 қосымшаға сәйкес қарастырылғаны ескерілсін.
Нысаналы трансферттердің көрсетiлген сомаларын бөлу аудан әкiмдiгiнің қаулысымен белгіленеді.
9. 2018 жылға арналған аудандық бюджетте жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттердің ауылдар мен ауылдық округтер арасында бөлінуі 9 қосымшаға сәйкес қарастырылғаны ескерілсін.
10. 2018 жылға арналған аудандық бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 10 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
11. 2018 жылға арналған аудандық бюджетте мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін 2010-2017 жылдары бөлінген бюджеттік кредиттер бойынша 4 062 мың теңге сомада негізгі қарыздарды өтеу қарастырылғаны ескерілсін.
12. 2018 жылға арналған аудандық бюджетте кондоминиумның жалпы мүлкіне жөндеу жүргізуге республикалық бюджеттен бөлінген бюджеттік кредиттер бойынша 32 мың теңге сомада сыйақы қарастырылғаны ескерілсін.
13. 2018 жылға арналған аудандық бюджетте мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін республикалық бюджеттен бөлінген бюджеттік кредиттер бойынша 5 мың теңге сомада сыйақы қарастырылғаны ескерілсін.
14. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру және мәдениет саласындағы мамандарға, қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленсiн.
15. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.


Аудандық мәслихат                                                     Атбасар аудандық
сессиясының төрағасы                                               мәслихатының хатшысы

___________Сәдуақасов М.Н.                                   _____________ Борұмбаев Б.А.

 

 

 

 


«КЕЛІСІЛДІ»

Атбасар ауданының әкімі

___________ А.Ә. Қалжанов

Дата публикации
19 июля 2021