Атбасар ауданында автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін орналасқан жерге арналған базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы

Атбасар ауданында автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін орналасқан жерге арналған базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы

Атбасар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 21 ақпандағы № 6С 18/6 шешімі (Ақмола облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 5 наурызда № 6457 тіркелді)

 

Атбасар ауданында автотұрақтар (паркингтер)

санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер)

үшін орналасқан жерге арналған базалық салық

мөлшерлемелерін ұлғайту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 305-бабына, 509-бабының 3-тармағына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атбасар ауданында автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін және автотұрақтар (паркингтер) үшін орналасқан жерге арналған базалық салық мөлшерлемелері 2-қосымшаға сәйкес ұлғайтылсын.
2. Салықты есептеу кезінде жеріне базалық мөлшерлемелер қолданылатын жақын орналасқан Атбасар қаласы елді мекені болып айқындалсын.
3. Атбасар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 ақпандағы № 6С 9/7 «Атбасар ауданында автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және он еседен артық болмайтын автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салықтың базалық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5852 болып тіркелген, 2017 жылғы 4 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.


Аудандық мәслихаты Атбасар аудандық
сессиясының төрағасы мәслихатының хатшысы

___________ Безверхова Н.А. _____________ Борұмбаев Б.А.


«КЕЛІСІЛДІ»

«Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кірістер
комитеті Ақмола облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер
департаментінің Атбасар
ауданы бойынша Мемлекеттік
кірістер басқармасы» Республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
____________ Б.Ж.Үсембаев
21 ақпан 2018 жыл

 

Атбасар аудандық мәслихатының

шешіміне 1 қосымша

 

Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары

 

№ р/с

Автотұрақтардың (паркингтердің) түрлері

Санаттары

1.

Жабық түрдегi автотұрақтар (паркингтер)

1 санат

2.

Ашық түрдегi автотұрақтар (паркингтер)

2 санат

 

 

Атбасар аудандық мәслихатының

шешіміне 2 қосымша

 

Атбасар ауданында автотұрақтар (паркингтер) үшін орналасқан жерге арналған базалық салық мөлшерлемелері

 

№ р/с

Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары

Автотұрақтар (паркингтер) үшін орналасқан жерге арналған базалық салық мөлшерлемелері

 

Базалық мөлшерлемелердің ұлғаюы

1.

1 санат

5,02

он есеге

2.

2 санат

5,02

он есеге

Дата публикации
16 июля 2021