Атбасар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 21 ақпандағы № 6С 18/8 шешімі (Ақмола облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 5 наурызда № 6456 тіркелді)
Қазақстан Республикасының жер
заңнамасына сәйкес Атбасар ауданының
пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жерге бірыңғай жер салығының
мөлшерлемесін арттыру туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Заңының 50-бабына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Атбасар ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемесі 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін он есеге арттырылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Атбасар аудандық
сессиясының төрағасы мәслихатының хатшысы
___________ Безверхова Н.А. _____________ Борұмбаев Б.А.
«КЕЛІСІЛДІ»
Атбасар ауданының әкімі
___________ А.Ә. Қалжанов
21 ақпан 2018 жыл
«Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кірістер
комитеті Ақмола облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер
департаментінің Атбасар
ауданы бойынша Мемлекеттік
кірістер басқармасы» Республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
____________ Б.Ж.Үсембаев
21 ақпан 2018 жыл