Атбасар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 11 сәуірдегі № 6С 19/3 шешімі (Ақмола облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 27 сәуірінде № 6592 тіркелді)
Атбасар аудандық мәслихатының
2017 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 6С 15/2 «2018-2020 жылдарға
арналған аудандық бюджет туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атбасар аудандық мәслихатының «2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 6С 15/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6270 тіркелген, 2018 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2018 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 4 437 421,0 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 988 992,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 8 880,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 47 505,0 мың теңге;
трансферттер түсімі - 3 392 044,0 мың теңге;
2) шығындар - 4 443 243,7 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 6 843,4 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 10 823,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 3 979,6 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -12 666,1 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 12 666,1 мың теңге:
қарыздар түсімі - 10 823,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 3 979,6 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 5 822,7 мың теңге.»;
5 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«5. 2018 жылға арналған ауданның жергілікті атқарушы органының резерві 8 137,0 мың теңге сомада бекітілсін.»;
11 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«11. 2018 жылға арналған аудандық бюджетте мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін 2010-2017 жылдары бөлінген бюджеттік кредиттер бойынша 3 979,6 мың теңге сомада негізгі қарыздарды өтеу қарастырылғаны ескерілсін.»;
көрсетілген шешімнің 1, 4, 8, 9 қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3, 4 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Атбасар аудандық
сессиясының төрағасы мәслихатының хатшысы
___________ Кенжибаев Ж.Т. ____________ Борұмбаев Б.А.
«КЕЛІСІЛДІ»
Атбасар ауданының әкімі
___________ А.Ә. Қалжанов
11 сәуір 2018 жыл