Атбасар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 6 маусымдағы № 6С 21/4 шешімі (Ақмола облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 20 маусымда
№ 6684 тіркелді)
Атбасар аудандық мәслихатының
2017 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 6С 16/2 «2018 - 2020 жылдарға
арналған Атбасар қаласының және
Мариновка ауылдық округтің бюджеттері
туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109-1-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атбасар аудандық мәслихатының «2018-2020 жылдарға арналған Атбасар қаласының және Мариновка ауылдық округтің бюджеттері туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 6С 16/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6342 тіркелген, 2018 жылғы 26 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2018-2020 жылдарға арналған Атбасар қаласының бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2018 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 287 032 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 251 864 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
трансферттер түсімі - 35 168 мың теңге;
2) шығындар - 287 032 мың теңге;
3) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
4) бюджет тапшылығы (профициті) - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 0 мың теңге:
қарыздар түсімі - 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1, 7 қосымшалары осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Атбасар аудандық
сессиясының төрағасы мәслихатының хатшысы
___________ Кенжибаев Ж.Т. ____________Борұмбаев Б.А.
«КЕЛІСІЛДІ»
Атбасар ауданының әкімі
___________ А.Ә. Қалжанов
6 маусым 2018 жыл