Атбасар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 19 қазанындағы № 6С 24/2 шешімі (Ақмола облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 25 қазандағы № 6812 тіркелді)
Атбасар аудандық мәслихатының
2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 6С 15/2
«2018-2020 жылдарға арналған аудандық
бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атбасар аудандық мәслихатының «2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 6С 15/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6270 тіркелген, 2018 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2018 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 5 276 941,7 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 1 066 992,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 7 885,2 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 75 499,8 мың теңге;
трансферттер түсімі - 4 126 564,7 мың теңге;
2) шығындар - 5 292 764,4 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 6 843,4 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 10 823,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 3 979,6 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - -10 000,0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 10 000,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -12 666,1 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 12 666,1 мың теңге:
қарыздар түсімі - 10 823,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 3 979,6 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 5 822,7 мың теңге.»;
5-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«5. 2018 жылға арналған ауданның жергілікті атқарушы органының резерві 3 193,3 мың теңге сомада бекітілсін.»;
көрсетілген шешімнің 1, 4, 8, 9 қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3, 4 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Cессия төрағасы,
Атбасар аудандық
мәслихатының хатшысы Борұмбаев Б.А.
«КЕЛІСІЛДІ»
Атбасар ауданының әкімі
___________ А.Ә. Қалжанов
19 қазан 2018 жыл