Ақмола облысы Әділет департаментінде 8 қаңтар 2019 жылы № 7017 тіркелді
2019-2021 жылдарға арналған
аудандық бюджет туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2019 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 6 054 343 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 1 141 420 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 9 309 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 25 450 мың теңге;
трансферттер түсімі - 4 878 164 мың теңге;
2) шығындар - 6 054 343 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - -25 319 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 11 363 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 36 682 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 25 319 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - -25 319 мың теңге:
қарыздар түсімі - 11 363 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 36 682 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0 теңге.
2. 2019 жылға арналған аудандық бюджетте Атбасар қаласының бюджетінен аудандық бюджетке 174 579 мың теңге сомада бюджеттік алып қоюлардың көлемі қарастырылғаны ескерілсін.
3. 2019 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен аудандық бюджетке берілетін 2 237 025 мың теңге сомада бюджеттік субвенцияның көлемі қарастырылғаны ескерілсін.
4. 2019 жылға арналған аудандық бюджетте аудандық бюджеттен Мариновка ауылдық округінің бюджетіне берiлетiн 5 578 мың теңге сомада бюджеттік субвенцияның көлемі қарастырылғаны ескерілсін.
5. 2019 жылға арналған ауданның жергілікті атқарушы органының резерві 23 523 мың теңге сомада бекітілсін.
6. Ауылдардың және ауылдық округтердің бюджеттік бағдарламалары 4, 5, 6 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
7. 2019 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер және бюджеттік кредиттер 7 қосымшаға сәйкес қарастырылғаны ескерілсін.
Нысаналы трансферттер және бюджеттік кредиттердің көрсетiлген сомаларын бөлу аудан әкiмдiгiнің қаулысымен белгіленеді.
8. 2019 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер 8 қосымшаға сәйкес қарастырылғаны ескерілсін.
Нысаналы трансферттердің көрсетiлген сомаларын бөлу аудан әкiмдiгiнің қаулысымен белгіленеді.
9. 2019 жылға арналған аудандық бюджетте жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттердің ауылдар мен ауылдық округтер арасында бөлінуі 9 қосымшаға сәйкес қарастырылғаны ескерілсін.
10. 2019 жылға арналған аудандық бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 10 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
11. 2019 жылға арналған аудандық бюджетте мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін 2010-2018 жылдары бөлінген бюджеттік кредиттер бойынша 4 682 мың теңге сомада негізгі қарыздарды өтеу қарастырылғаны ескерілсін.
12. 2019 жылға арналған аудандық бюджетте кондоминиум объектілерінің жалпы мүлкіне жөндеу жүргізуге бөлінген бюджеттік кредиттер бойынша 32 000 мың теңге сомада жергілікті атқарушы органның жоғары тұрған бюджет алдындағы борышын өтеу қарастырылғаны ескерілсін.
13. 2019 жылға арналған аудандық бюджетте кондоминиум объектілерінің жалпы мүлкіне жөндеу жүргізуге республикалық бюджеттен бөлінген бюджеттік кредиттер бойынша 15 мың теңге сомада сыйақы қарастырылғаны ескерілсін.
14. 2019 жылға арналған аудандық бюджетте мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін республикалық бюджеттен бөлінген бюджеттік кредиттер бойынша 7 мың теңге сомада сыйақы қарастырылғаны ескерілсін.
15. 2019 жылға арналған аудандық бюджетте азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру және мәдениет саласындағы мамандарға, қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленсiн.
16. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Атбасар аудандық
сессиясының төрағасы мәслихатының хатшысы
__________Комбатуров А.Т. _____________ Борұмбаев Б.А.
«КЕЛІСІЛДІ»
Атбасар ауданының әкімі
___________ А.Ә. Қалжанов