Қазақстан халқының тілдері күні!

Қазақстан халқының тілдері күні!

Құрметті астрахандықтар!

Қазақстан халқының тілдері мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақстан халқының тілдері күні Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығымен ана тілін, өз елін сүюге және құрметтеуге тәрбиелеу және өзге ұлттардың тілдері, дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту мақсатында жарияланды.
Тілдер күні - еліміздің барлық азаматтарының достығы, туыстығы мен бірлігінің белгісі.

Осы мерекеде Сіздерге бейбіт аспан, береке-бірлік пен ынтымақ тілеймін!