
1990 жылдың 25 қазаны күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен "Қаз ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы" декларация қабылданды.
Сол сәттен бастап егеменді Қазақстан еңсесі биік, терезесі тең жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Қабылданған декларация Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің іргетасы саналды. 2009 жылы "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" қолданыстағы заңға өзгерістер енгізіліп, оған сәйкес 25 қазан - Республика күні мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталды.
Ұлытау облысында өткен Ұлттық құрылтайда Қ.-Ж.К.Тоқаев Республика күні мерекесін осы жылдан бастап, елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы ретінде қайтадан мерекеленуі туралы айтты.
Құрметті жерлестер! Сіздерді бүгінгі 25 қазан – Республика күнімен шын жүректен құттықтайтын!
Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілеймін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларың сәтті болуын тілеймен!