Астрахан ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы өкімі

Астрахан ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы

 

          Қазақстан Республикасы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 8-бабының 4-тармағына, Қоғамдық кеңесті құру жөніндегі Жұмыс тобы отырысының 2025 жылғы 28 ақпандағы № 2 хаттамасына сәйкес:

  1. Астрахан аудандық Қоғамдық кеңесінің құрамы осы өкімге 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттардың резервтік тізімі осы өкімге 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  3. Астрахан аудандық мәслихатының аппараты осы өкімді Астрахан аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  4. Осы өкімнің орындалу бақылауы Астрахан аудандық мәслихаты аппаратының басшысына жүктелсін.
  5. Осы өкім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Мәслихат төрағасы                                                              М. Қожахмет

Өкім
Дата публикации
03 апреля 2025