Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы 11 (он бір) адамнан тұратын Астрахан ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлауға конкурс жариялайды.
Қоғамдық кеңестің негізгі мақсаты қаланың қоғамдық маңызды мәселелері бойынша азаматтық қоғамның пікірін білдіру болып табылады.
Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2025 жылғы «10» ақпан – «21» ақпан аралығында.
Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, сондай-ақ жергілікті деңгейде – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұрақты тұратын азаматы жұмыс тобы мен Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.
Жоғарыда белгіленген талаптарға сай келмейтін кандидаттар конкурсқа жіберілмейді.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар:
1) кандидатураны жұмыс тобы мен Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;
5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісім ұсынылады.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабының 4-тармағына сәйкес, коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады.
Қоғамдық кеңестегі азаматтық қоғам өкілдерінің саны оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрауға тиіс.
Коммерциялық емес ұйымдардан және азаматтардан ұсыныстар жазбаша түрде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Астрахан ауылы, Әл-Фараби көшесі, 50, екінші қабат мәслихат аппаратының ұйымдастыру бөлімі, сағат 09.00-ден 18.00 дейін, үзіліс 13.00-тен 14.30 дейін, белгіленген мерзімде мемлекеттік және орыс тілдерінде, жазбаша және электронды түрде. Электронды мекен-жай: maslihat_astr@mail.ru
Конкурстық іріктеу өткізу үшін кандидатураларды ұсыну барысында, Жұмыс тобының мүшелігіне кандидат, оның «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізуге өзінің келісімін береді.
қосымша.1 Өтініш
қосымша.2 Сауалнама
қосымша.3 Ұйымның бланкісі