Астрахан ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру

Астрахан аудандық мәслихаты Астрахан ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды.

Астрахан ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының (бұдан әрі – жұмыс тобы) сандық құрамы 5 адамды құрайды.

Конкурс Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереженің талаптарына сәйкес коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, Қазақстан Республикасының азаматтары арасында өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсырады:

1) кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтың өтініші;

 2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;

5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімді жібереді.

Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтар қатарынан жұмыс тобының мүшелерін сайлау жөніндегі конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2025 жылғы 13 қаңтарынан 27 қаңтар аралығында жүргізіледі.

Құжаттар Астрахан ауылы, Әл-Фараби көшесі, 50, 20-кабинет мекенжайы бойынша «Астрахан аудандық мәслихатының аппараты» ММ ұсынылады немесе maslihat_astr@mail.ru электрондық поштаға жіберіледі.

Жұмыс тәртібі: «Астрахан аудандық мәслихатының аппараты» ММ сағат 08.30-ден 18.00-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін, сенбі, жексенбі - демалыс күндер.

Ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ету мақсатында жұмыс тобының отырысына коммерциялық емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатарынан байқаушылар қатыса алады.

Байқаушы болуға ниет білдірген тұлға 2025 жылғы 13 қаңтардан 27 қаңтар аралығында Астрахан аудандық мәслихатына жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсқа байқаушы ретінде қатысу үшін 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

Анықтама телефоны: 8 (71641) 2-24-34.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қоғамдық кеңес туралы
үлгілік ережеге
1-қосымша

Нысан

 

Кімге ___________________

(республикалық деңгейде
мемлекеттік органның атауы
немесе жергілікті
өкілді органның атауы)
__________________________________________________________тұратын
(елді мекен, көше, үй, пәтер)
кімнен_________________
__________________________________________________________
(өтініш берушінің аты, жөні,тегі
(бар болған жағдайда),
жеке куәлік № ____,
берілді (қашан, кім))

 

Өтініш

          Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамына енгізу үшін өз кандидатурамды ұсынамын.

Мен осы өтініш арқылы «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының ережелерімен танысқанымды растаймын және оның талаптарын сақтауға міндеттенемін.

Мынадайқұжаттардықосаберемін:

1)_______________________________________________________________

2) _______________________________________________________________

3) _______________________________________________________________

4) _______________________________________________________________

5) _______________________________________________________________

6)_________________________________________________________________

7)_________________________________________________________________

20___ жылғы «____»            Өтініш берушінің қолы ___________

 

 

 

 

 

 

 

Суретке арналған

       орын                                                                                     

 

 

САУАЛНАМА

 

  1. Тегі ______________________________________________________

     

Аты ______________________________________________________

 

Әкесінің аты_______________________________________________

 

  1. Күні, айы, туған жылы ________________________________________

 

  1. Туған жері __________________________________________________

 

  1. Азаматтығы __________________________________________________

 

  1. Мекен-жайы ________________________________________________

 

____________________________________________________________

 

  1. Білімі _______________________________________________________

 

  1. Жұмыс орны, қызметі __________________________________________

 

____________________________________________________________

 

  1. Сотталдыңыз ба, қашан және не үшін ____________________________

 

  1. Сотпен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танылдыңыз ба?_________

 

  1. Психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрасыз ба? ____________

 

  1. Сот шешімімен іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекет қабілеті шектеулі болып танылдыңыз ба? _____________

 

  1. Байланыс телефондары: _______________________________________

                                                                    (қызметтік,  үй, ұялы)

 

 

202___ жылғы «___» __________          ____________                ________________                                                                                           (қолы)                            (Т.А.Ә.)

 

Хабарландыру
Дата публикации
10 января 2025