Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының № 782 және № 783 учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамдарын қалыптастыру туралы ХАБАРЛАМАСЫ

Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының

№ 782 және № 783 учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамдарын қалыптастыру туралы

ХАБАРЛАМАСЫ

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Ақмола облысы Астрахан ауданының мәслихаты № 782 және № 783 учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамдарын қалыптастыру туралы хабарлайды.

Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылар санына қарай ауаднның аумақтық сайлау комиссиясы айқындайды.

Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және жоғары тұрған, бос орындары бар учаскелік сайлау комиссияларына қатысты 2024 жылғы 03 тамызда  18 тамызға дейін мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:

  • сайлау комиссияларының құрамына белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматтағы кандидатуралар туралы мәліметтер;
  • саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімінен үзінді;
  • саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) тіркелуі туралы құжаттың көшірмесі;
  • кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініштері.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері мәслихаттың сайтында орналастырылған.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға, сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болуға тиіс емес.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа ұсынылатын барлық құжаттар қағаз форматында, қол қойылған, мөрмен расталған және орындалған күні көрсетіліп, орындаушы туралы белгі, аты-жөні және оның телефон номері көрсетілуі тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2024 жылдың 18 тамызына дейін, дүйсенбі – жұма күндері, сағат 08:30-ден 18:00-ға дейін, үзіліс уақыты сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін жүзеге асырылады.

 

Астрахан аудандық мәслихаты

Қожахмет М.Қ. – Астрахан аудандық мәслихатының төрағасы. Мәслихаттың орналасқан жері: Астрахан ауылы, Әл-Фараби көшесі, 50. Жауапты тұлға – Киякова Г.У, № 34 каб., қызметтік телефон нөмірі 2-28-96, ұялы телефон нөмірі: 8-778-388-05-74, maslihat_astr@mail.ru электрондық пошта:

Астрахан аудандық мәслихаты 2 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін сайлайды:

№

 

Сайлау учаскесінің нөмірі

Сайлау учаскесі объектісінің (дауыс беруге арналған үй-жайдың) атауы

Сайлау учаскесінің орналасқан жерінің мекенжайы

комиссия мүшелерінің саны

Елді мекен

көше

үй

1

2

3

4

5

6

8

 

 2 - Учаскелік сайлау комиссиялары 

1

№ 782

Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Астрахан аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ғимараты

Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Астрахан ауылы.

Ыбырай Алтынсарин

 42

5

2

№ 783

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаменті Астрахан ауданының полиция бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Астрахан ауылы.

Ыбырай Алтынсарин

67

5

                 

 

Астрахан аудандық мәслихаты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының № 782 және № 783 учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамдарын қалыптастыру туралы ХАБАРЛАМАСЫ
Дата публикации
02 августа 2024