Бүгін Арқалық қалалық мәслихатының білім, денсаулық сақтау, мәдениетті дамыту, спорт, ішкі саясат, жастармен жұмыс, халықты әлеуметтік қорғау, заңдылық,құқықтық тәртіп және азаматтардың өтініштері мәселелері жөнiндегi тұрақты комиссия отырысының күн тәртібінде . «Арқалық қаласында «2020 - 2023 жылдардағы каникул кезеңінде балаларды сауықтыру демалысын, олардың бос уақытын және жұмыспен айналысуын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 14 қаңтардағы № 1-ө өкімінің орындалу барысы туралы»; Арқалық қаласы аумағында жастар саясатын іске асыру барысы туралы» бірқатар мәселелер бойынша мекеме басшыларының жасалып жатқан жұмыстары бойынша баяндамалары тыңдалып,,талқыланды. Алдағы уақытта осы екі мәселелер бойынша жұмысты күшейту бағытында нақты ұсыныстар айтылды.Тиісті қаулылар шығарылды.