Меню

Страницы

Статья

Арқалықты дамытуды көздеп отыр

Елімізде экономиканың түрлі салаларының дамуына талдау жүргізілетін болады. «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов пен Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Арқалық қаласын негіз ете отырып, шағын және орта бизнесті дамыту тетіктерін талқылады. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП Қостанай облысындағы филиалының директоры Данияр Күзенбаев хабарлады. Райымбек Баталов Мемлекет басшысының VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясының ашылуында берген тапсырмаларын орындау үшін «Атамекен» ҰКП тарапынан ауқымды жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты. Атап айтқанда, кәсіпкерліктің экономикалық картасы құрылады, ол әрбір саланың дамуына серпін беруге және жаңа тәсілдерді енгізуге дайын жергілікті көшбасшыларды анықтауға көмектеседі. Сондай-ақ, төраға бүгінде өңірлерде бизнес-ортаның бір-біріне ұқсамайтын құрылымы бар екеніне назар аударды. Кәсіпкерлікті дамытуға серпін беру үшін шағын және орта бизнесті қолдаудың бірыңғай кешенді бағдарламасы әзірленетін болады. Ал, бюджеттен қаржыландырылатын ауқымды жобаларды іске асыру кезінде бірінші кезекте отандық кәсіпкерлерге басымдық берілмек. Біздің өңірде қой шаруашылығын дамыту Арқалық қаласының экономикасын дамытудың басты бағыты болуы мүмкін. Кеңесте бұл өңірдің мал шаруашылығы саласын дамыту үшін барлық артықшылықтары бар екендігі атап өтілді. Мұнда кең егістік жерлер мен шабындықтар бар. Сонымен қатар, мал өсірудің дәстүрі дамыған. Жүн қабылдаумен, теріні өңдеумен және мал азығын өндірумен айналысатын кәсіпорындар жұмыс істейді. Мамандардың бағалауы бойынша, аймақ фермерлері жаңа технологияларды белсенді қолданады. Мұндай бизнес-модельді іске асыру осы бағытпен айналысуға дайын фермерлерге, жеке инвесторларға және ЖҮШ-ке кредит беру есебінен жоспарлануда. Қазіргі уақытта күнгей өңірде қой шаруашылығымен айналысатын 73 бизнес субъектісі бар. 70-тен астам жеке шаруа қожалығы осы бағытта өз бизнесін дамытуға дайын. Ал, ШОБ-ты қолдаудың кешенді бағдарламасы шеңберінде жұмыс орындарын көбейту сондай-ақ ет өңдеу көлемін ұлғайту жоспарлануда. Кеңес қорытындысы бойынша жобаны іске асыру жолдары белгіленді, бұл, ең алдымен, жергілікті кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік береді. Ол үшін әкімдіктер өңірлік кәсіпкерлер палаталарымен тығыз өзара іс-қимыл орнататын болады.
https://qagro.kz/2023/04/13/ar-aly-ty-damytudy-k-zdep-otyr/

Дата публикации
17 апреля 2023
Дата обновления
17 апреля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 января 2025
Арқалық қалалық мәслихатының Онлайн трансляциялары 2024
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
17 апреля 2023
Арқалықты дамытуды көздеп отыр

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы