2023 жылғы 30 наурызда қала әкімдігінің мәжіліс залында 8 шақырылымдағы Арқалық қалалық мәслихатының бірінші сессиясы өтті. Сессия барысында 8 шақырылым депутаттарының жаңа құрамы таныстырылып, төсбелгі мен куәліктері табысталды.
Қалалық мәслихат төрағасы лауазымына кандидатуралар ұсынылды. Депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен Г.Т.Елтебаева сайланды.
Күн тәртібіндегі келесі мәселелер бойынша: қалалық мәслихаттың -2 тұрақты комиссиясы құрылды, мәслихаттың тұрақты комиссияларының құрамы, төрағалары сайланды.
1.Экономикалық реформалау, бюджет, аймақты дамыту, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, аграрлық мәселелер, кәсіпкерлік және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комиссия құрамына:
Әбдрахманов Жасұлан Мәулетқалиұлы;
Кетов Игорь Анатольевич (тұрақты комиссия төрағасы);
Латыпов Қуаныш Жеңісұлы;
Тасмағанбет Сабыржан Нұрсалиұлы;
Төлекбаев Серік Коңқышұлы.
Әмірбекұлы Ержан;
Кисикова Ақтоты Жанаралқызы(тұрақты комиссия төрағасы);
Мұқанбетжанова Айгул Мұханбетжанқызы;
Орынбаев Ренат Дастанұлы;
Төлегенова Әлия Сақанқызы.
8 шақырылым депутаттарын депутаттық лауазымға тағайындалуымен құттықтаймыз. Олардың алдағы жұмыстарына сәттілік, халыққа адал қызмет етіп, табысты еңбек етулеріне тілектеспіз.