№ 1 ХАТТАМА
Арқалық қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобына кандидаттардың отырысы және Арқалық қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі құрылған жұмыс тобының бірінші отырысы
Арқалық қаласы 2025 жылғы 9 қаңтар
Абай даңғылы, 29 сағат 11.00
715 кабинет
Жұмыс тобын құру рәсімін Арқалық қалалық мәслихатының төрағасының міндетін атқарушы А.Ж. Кисикова ашып жүргізеді.
Жұмыс тобының бірінші отырысын Арқалық қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының басшысы А.Б.Бекин жүргізеді.
Отырыс хатшысы – Г.Ө. Жиенбаева, Арқалық қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі
Шақырылғандар мен қатысқандар:
Жұмыс тобының құрамына кандидаттар:
|
Азаматтық қоғам өкілдері |
||
|
1. |
Айтмағамбетов Арыстан Есмұхамбетұлы |
Арқалық қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы
|
|
2. |
Бекин Алмас Болатұлы |
«Қостанай облысы Білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Арқалық қалалық білім қызметкерлерінің кәсіп одақ ұйымы» филиалының төрағасы |
|
3. |
Бекентай Айткүл Ескендірқызы |
«Арқа дидары» жауапкершілі шектеулі серіктестігінің директоры |
|
Мемлекеттік орган өкілдері |
||
|
4. |
Жиенбаева Гүлден Өміржанқызы |
«Арқалық қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (ММ), ұйымдастыру-құқықтық бөлімінің басшысы |
|
5. |
Хусаинов Жасұлан Кашкенұлы |
«Арқалық қаласы әкімінің аппараты» ММ, заң бөлімінің басшысы
|
|
Байқаушылар |
||
|
1. |
Айранбаева Бану Акбаровна |
«Арқалық қаласы әкімінің аппараты» ММ «Шаруашылық-А» КММ диспетчеры
|
|
«Арқалық қалалық мәслихатының аппараты» ММ өкілдері |
||
|
1. |
Фанина Людмила Анатольевна |
«Арқалық қалалық мәслихатының аппараты» ММ басшысы |
КҮН ТӘРТІБІ:
ТЫҢДАДЫ: Кисикова А.Ж.: - Арқалық қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамына мүшелерді іріктеу және ашық дауыс беруді өткізу туралы.
СӨЗ СӨЙЛЕДІ:
Кисикова А.Ж.: Арқалық қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобын құру мәселесі бойынша отырысқа қатысуға келісім бергендердің барлығына алғысымды білдірді.
Бүгінгі отырысқа өтініштер мен ұсыныстар берген барлық үміткерлер, сондай-ақ байқаушылар шақырылғанын атап өтті.
Отырыстың күн тәртібінде 7 мәселе бар:
Сөйлеу регламентін 5 минуттан артық емес уақытта анықтауды ұсынды. Барлық шешімдерді ашық дауыспен, көпшілік дауыспен қабылдауды ұсынды.
«Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңына сәйкес Қоғамдық кеңестің үшінші құрамы 2021 жылғы 4 ақпанда құрылғанын атап өту қажет. Қоғамдық кеңестің қазіргі мүшелерінің өкілеттік мерзімі үш жыл және ол 2025 жылғы 4 ақпанда аяқталады. Осы уақыт ішінде Қоғамдық кеңестің қызметін реттейтін заңнама айтарлықтай өзгергенін атап өтті. Қоғамдық кеңестердің өкілеттіктері едәуір кеңейгенін атап өтті.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) 9-бабына сәйкес жергілікті деңгейдегі қоғамдық кеңестерді жұмыс топтары қалыптастырады, бүгін ұсынылған кандидаттардан жұмыс тобына іріктеу жүргізуіміз керек.
Қоғамдық кеңестердің жаңа құрамын қалыптастыру рәсімі, заң талаптарына сәйкес, қолданыстағы құрамның өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін екі ай бұрын басталады.
Осы талаптарға сәйкес 2024 жылғы 27 желтоқсаннан бастап қоғамдық кеңестің жаңа құрамын қалыптастыру рәсімдеріне кірістік.
Қоғамдық кеңестер туралы Үлгілік ереженің (бұдан әрі – Үлгілік ереже) 4-тармағына сәйкес облыстық мәслихат төрағасының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 19-1 өкімімен жұмыс тобының саны – 5 адам, оның ішінде мемлекеттік органдар өкілдері – 2 адам, азаматтық қоғам өкілдері – 3 адам болып айқындалды.
Мемлекеттік орган өкілдері мәслихат төрағасының өкіміммен айқындалды, олар: Жиенбаева Гүлден Өміржанқызы-«Арқалық қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (ММ), ұйымдастыру-құқықтық бөлімінің басшысы, Хусаинов Жасұлан Кашкенұлы - «Арқалық қаласы әкімінің аппараты» ММ, заң бөлімінің басшысы.
Үлгілік ереженің талаптарына сәйкес БАҚ-та азаматтық қоғамнан жұмыс тобының сандық құрамы 3 адам ретінде көрсете отырып, жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылды. Хабарландыруда құжаттарды тапсыру мерзімдері және құжаттар жіберілетін мекенжайлар көрсетілген.
Хабарландыруда көрсетілген мерзімде 27-31 желтоқсан аралығында үш кандидаттан құжаттар келіп түсті:
Өзін-өзі ұсыну арқылы, Айтмағамбетов Арыстан Есмұхамбетұлы - Арқалық қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы, журналист.
Өзін-өзі ұсыну арқылы, Бекин Алмас Болатұлы - «Қостанай облысы Білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Арқалық қалалық білім қызметкерлерінің кәсіп одақ ұйымы» филиалының төрағасы.
Өзін-өзі ұсыну арқылы, Бекентай Айткүл Ескендірқызы - «Арқа дидары» жауапкершілі шектеулі серіктестігінің директоры, тележурналис, Арқалық қалалық мәслихатының экс-депутаты.
Барлық құжаттар тексерілді, заң талаптарына сәйкес келетінін атап өтті. Аталған кандидаттардың ішінен бүгінгі отырысқа барлық үш кандидат қатысуда.
Сондай-ақ отырысқа жұмыс тобының отырыстарына қатысуға байқаушы ретінде қатысу үшін ресми түрде өтініш берген байқаушылар шақырылды:
|
Айранбаева Бану Акбаровна |
«Арқалық қаласы әкімінің аппараты» ММ «Шаруашылық-А» КММ диспетчеры |
Байқаушыларға отырысқа дейін кемінде үш күн бұрын алдын-ала хабарланғанын айтты. Қатысушылардың кандидаттарға сұрақтары бар ма? Мүмкін біреуде ұсынылған кандидатуралар бойынша сұрақтар немесе ұсыныстар бар шығар. Кандидаттардың бірі дауыс берер алдында сөз сөйлегісі келе ме?
Бүгінгі отырыста заңнама талаптарына сәйкес Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелігіне әрбір кандидат бойынша ашық дауыс беруді (қолды көтеру арқылы) жүргізу қажет.
Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереженің 14-тармағында жұмыс тобының құрамына мүшелерді іріктеу коммерциялық емес ұйымдардан және ашық дауыс беруге қатысатын азаматтардан жұмыс тобының мүшелігіне кандидаттардың көпшілік дауысымен жүзеге асырылатыны анықталған.
Коммерциялық емес ұйымнан кандидат, өз кандидатурасы үшін дауыс беруге қатыспайды.
Кандидаттарды алфавит ретімен тегі бойынша айтуды ұсынамын. Қарсылық бар ма?
Дауыс беру рәсімін өткізді.
Бірінші кандидат – Айтмағамбетов Арыстан Есмұхамбетұлы. Бірауыздан.
Екінші кандидат – Бекин Алмас Болатұлы. Бірауыздан.
Үшінші кандидат – Бекентай Айткүл Ескендірқызы. Бірауыздан.
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Арқалық қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы мынадай құрамда құрылсын:
|
Азаматтық қоғам өкілдері |
|
|
1 |
Айтмағамбетов Арыстан Есмұхамбетұлы |
|
2 |
Бекин Алмас Болатұлы |
|
3 |
Бекентай Айткүл Ескендірқызы |
|
Мемлекеттік органның өкілдері (2024 жылғы 27 желтоқсандағы №19-1 өкім негізінде) |
|
|
4 |
Жиенбаева Гүлден Өміржанқызы |
|
5 |
Хусаинов Жасұлан Кашкенұлы |
2.ТЫҢДАДЫ:
Кисикова А.Ж.: - Азаматтық қоғам өкілдерінің арасынан жұмыс тобының басшысын сайлау туралы.
СӨЗ СӨЙЛЕДІ:
Кисикова А.Ж.: Үлгілік ереженің 16-тармағына сәйкес жұмыс тобының бірінші отырысында азаматтық қоғам өкілдерінің арасынан басшыны сайлау қажеттігі туралы баяндады. Ұсыныстар бар ма деп сұрады.
Айтмағамбетов А.Е: Бекин Алмас Болатұлының кандидатурасын ұсынды.
Бекентай А.Е.: БекинА.Б. Бекинның кандидатурасын қолдады.
Кисикова А.Ж.: Ұсынылған кандидатура А.Б.Бекинге дауыс беру рәсімі жүргізілді, көпшілік дауыспен А.Б. Бекин жұмыс тобының басшысы болып сайланды.
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Жұмыс тобының басшысы болып А.Б. Бекин сайланды деп есептелсін.
Бекин А.Б.: - Отырыс хаттамасын жүргізу үшін жұмыс тобының мүшесін айқындау туралы.
СӨЗ СӨЙЛЕДІ:
Бекин А.Б.: Үлгілік ереженің 18-тармағына сәйкес жұмыс тобының отырысында жұмыс тобының мүшесі хаттама жүргізеді, оны жұмыс тобының басшысы айқындайды. Хаттама жүргізу үшін жұмыс тобының мүшесін Г.Ө.Жиенбаеваны анықтауды ұсынды.
Бекин А.Б.: Басқа ұсыныстар, қарсылықтар бар ма? Бірауыздан қолдау көрсетілді.
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Хаттама жүргізу үшін жұмыс тобының мүшесі Г.Ө. Жиенбаева анықталсын.
4.ТЫҢДАДЫ:
Бекин А.Б.: - Арқалық қаласының Қоғамдық кеңесі (бұдан әрі – Қоғамдық кеңес) мүшелерінің сандық құрамын айқындау туралы.
СӨЗ СӨЙЛЕДІ:
Бекин А.Б.: Заңның 9-бабының 3-тармағына, сондай-ақ Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереженің 19-тармағына сәйкес Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамын жұмыс тобы айқындайды.
Қоғамдық кеңестің қазіргі құрамы 11 адам екенін хабарлап, Қоғамдық кеңестің жұмыс тәжірибесін ескере отырып, сандық құрамды өзгеріссіз қалдыруды ұсынды.
Қоғамдық кеңестер туралы заңнамаға сәйкес Қоғамдық кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде 2/3 бөлігін азаматтық қоғамның өкілдері құрауы тиіс. Мемлекеттік органдардан өкілдікті мәслихат төрағасы конкурс өткізбей бекітеді.
Бекентай А.И.: саны мен арақатынасы бойынша -11 адамды қалдыруды қолдады: 1 мемлекеттік орган және 10 азаматтық қоғам.
Бекин А.Б.: Кеңеске қандай мемлекеттік органдар кіруі керек екенін анықтау үшін, ең алдымен, Қоғамдық кеңестің өкілеттіктерін негізге алу қажет деп ойлаймын.
Коммерциялық емес және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс істеу ішкі саясат бөлімінің тікелей функциясы болғандықтан ішкі саясат өкілінің құрамына енгізу қажет деп санаймын.
Қорытындылады. Мемлекеттік органдардың 1 өкілі мен азаматтық қоғамның 10 өкілінің арақатынасында 11 адамнан тұратын сандық құрамды қалдыру туралы ұсыныстар түсті.
Мемлекеттік органдардың өкілдері бойынша басшылардың құрамына енгізу туралы ұсыныстар түсті:
ішкі саясат бөлімі
Үлгілік ереженің 31-тармағына сәйкес мемлекеттік органның Қоғамдық кеңеске өкілдігін мәслихат төрағасы конкурс өткізбей бекітеді. Мәслихат аппаратына осы өкілдікті бекіту туралы тиісті өкім дайындауды және оны мемлекеттік органдармен келісуді ұсынды.
Дауыс беру рәсімін өткізді.
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Қоғамдық кеңестің сандық құрамы анықталсын - 11 адам (мемлекеттік органдардың өкілдері 1 адам және 10 адам азаматтық қоғам өкілдері). (Бірауыздан).
5.ТЫҢДАДЫ: Бекин А.Б.: - Халықты конкурс туралы, Арқалық қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау туралы хабардар ету күнін белгілеу туралы.
СӨЗ СӨЙЛЕДІ:
Бекин А.Б.: Жұмыс істеп тұрған кеңестің өкілеттігі 2025 жылғы 4 ақпанда аяқталатындықтан, конкурс туралы хабарландыруды, Арқалық қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау туралы хабарландыруды – 2025 жылғы 13 қаңтарда жариялауды ұсынды.
Хабарландыруды қалалық мәслихаттың ресми интернет-ресурсында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялауды ұсынды.
Хабарландыруда өтініштер мен ұсыныстарды қабылдау мерзімін көрсету қажет. Талаптарға сәйкес Үлгілік ереженің 26-тармағы, құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен кейін 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылуы тиіс. Бұл 2025 жылдың 14 қаңтарынан 2025 жылдың 27 қаңтарына дейін.
Мәслихат аппаратының қызметкерлері кандидаттар бойынша өтініштер мен ұсыныстардың жобалық үлгілері әзірлегенін және олар таратқанын, жұмыс тобының мүшелері олармен танысуға жұмыс тобы мүшелерінің назарын аударды. Ұсынылған үлгілер бойынша ескертулер немесе ұсыныстар бар ма деп сұрады (хаттамаға қоса беріледі). Дауыс беру рәсімін өткізді.
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 2025 жылғы 13 қаңтарда БАҚ-та Арқалық қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау туралы конкурс туралы хабарландыру орналастырылсын.
СӨЗ СӨЙЛЕДІ:
Бекин А.Б.: Бағалау парағының үлгісін уәкілетті орган - Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұсынғанын, жұмыс тобының барлық мүшелеріне үлгі таратылғанын, танысуды сұрағанын хабарлады. Үлгілер өткен жылдардағы тәжірибені ескере отырып толықтырылғанын түсіндірді. Ұсыныстар бар ма деп сұрады.
Дауыс беру рәсімін өткізді.
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Бағалау парағының нысаны қабылдансын және оны жұмыс тобының келесі отырысына дайындалсын.
СӨЗ СӨЙЛЕДІ:
Бекин А.Б.: – Жұмыс тобының екінші отырысын 2025 жылғы 30 қаңтарда өткізу ұсынылды, онда келіп түскен барлық құжаттар талқыланатын болады.
Екінші отырыстың болжамды күн тәртібін жариялады:
Дауыс беру рәсімін өткізді.
ШЕШМ ҚАБЫЛДАДЫ: жұмыс тобының келесі отырысы 2025 жылғы 30 қаңтарда (бірауыздан) өтеді.
Жұмыс тобының
басшысы А.Б. Бекин
Отырыс хатшысы Г.Ө. Жиенбаева