30.03.2023 №5 ШЕШІМІ
Арқалық қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының төрағалары туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 12-бабына сәйкес Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1.Сайлансын:
1) Кетов Игорь Анатольевич, қалалық мәслихат депутаты - экономикалық реформалау, бюджет, аймақты дамыту, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, аграрлық мәселелер, кәсіпкерлік және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комиссиясының төрағасы болып;
2) Кисикова Ақтоты Жанаралқызы, қалалық мәслихат депутаты - білім, денсаулық сақтау, мәдениетті дамыту, спорт, ішкі саясат, жастармен жұмыс, халықты әлеуметтік қорғау, заңдылық, құқықтық тәртіп және азаматтардың өтініштері мәселелері жөнiндегi комиссиясының төрағасы болып.
2.Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Мәслихат төрағасы Г.Елтебаева