Арқалық қалалық мәслихатының тұрақты комиссиялары туралы 30.03.2023 №3 шешім

30.03.2023 № 3 ШЕШІМІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Арқалық қалалық мәслихатының тұрақты комиссиялары туралы

        

         Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 12-бабына сәйкес Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Арқалық қалалық мәслихатының келесі тұрақты комиссиялары құрылсын:

         1) экономикалық реформалау, бюджет, аймақты дамыту, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, аграрлық мәселелер, кәсіпкерлік  және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі  комиссиясы;

         2) білім, денсаулық сақтау, мәдениетті дамыту, спорт,  ішкі саясат, жастармен жұмыс, халықты әлеуметтік қорғау, заңдылық, құқықтық тәртіп  және азаматтардың өтініштері мәселелері жөнiндегi комиссиясы.

         2.Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Мәслихат төрағасы                                         Г.Елтебаева      

 

Дата публикации
12 апреля 2023