2022 жылғы 30 наурызда Қоғамдық кеңестің жоспар бойынша кезекті отырысы өтті. Отырысқа Арқалық қаласы әкімі аппаратының басшысы Б. Бралин., Арқалық қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау жөніндегі бас инспектор А. Магомедов., Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Қостанай облысы бойынша филиалының бас маманы Е. Жангелдин баяндама оқып ақпараттарымен бөлісті. Жоспар бойынша мына мәселелер қаралды:
- Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасы туралы, азаматтардың шағымдары мен өтініштерін қарау туралы;
- Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2022 жылғы 14 наурыздағы №1148 хатын талқылап шара қолдану туралы.
Қорытындылай келе отырыс соңында ХҚКО - на мынандай ұсыныстар жасалды:
- Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін төмендету мақсатында азаматтар ХҚКО кірген сәттен бастап қызмет көрсетудің реттік реттік нөмірі бар талон берілген сәтке дейінгі уақыт регламентін бұзуға жол бермеу;
- ХҚКО халық үшін неғұлым ыңғайлы ғимаратқа көшіру жөніндегі жұмыстарды жандандыру.
- Өңір азаматтары арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және парасаттылық мәдениетін қалыптастыру жөнінде комиссия құру. Комиссия төрағасы болып Қалиев А. сайланды.