22.04.2022

2022 жылғы 22 сәуіріндегі Қоғамдық кеңестің жоспар бойынша кезекті отырысы болды. Ондағы талқыланған мәселелер:

  1. Денсаулық сақтау саласындағы мәселелерді талқылау;
  2. Халықты жұмыспен қамту саласындағы проблемаларды талқылау;
  3. Дене шынықтыру және спорт саласындағы мәселелерді талқылау болды.

Жоспар бойынша белгіленген отырысқа шақыртылғандар: Арқалық өңірлік ауруханасының бас дәрігері – Асанов Қ.Қ., Арқалық өңірлік емханасының бас дәрігерінің міндетін атқарушысы – А.Ф. Смагулова., Арқалық өңірлік емханасының бөлім меңгерушілері Оспанова Л.А., Койшугулова Г.М., «Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» КММ директоры – Тулегенова А.С., және «Арқалық қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бас маманы – Хамзина А.Д.

Қорытындылай келе аталған салалар бойынша мекеме басшыларына төмендегідей ұсынстар жасалды:

  • Өңірлік ауруханаға ағымдағы жылдың мамыр айында үкіметтік комиссия алдында проблемаларды дамыту және шешу бойынша мәселелерді дайындау;
  • Өңірлік емхананы жаңа ғимаратқа көшу жұмыстарын жандандыру ұсынылды.
  • Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығына ЖШС және шаруа қожалықтары үшін механизаторлық кадрларды даярлау мәселелерін шешу;
  • Қаланың нақты мүмкіндіктеріне қарай «Жастар тәәжірбиесі» бағдарламасына қатысуды жоспарлау ұсынылды.
  • Арқалық қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөліміне барлық тілек білдірген жастар үшін денсаулық топтарын құру;
  • Жеңіл атлетика бағытын дамытуға назар аудару ұсынылды.

 

Дата публикации
22 апреля 2022