2022 жылғы 18 мамырда Қоғамдық кеңестің жоспар бойынша кезекті отырысында «Арқалық қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметтерінің бағыттары бойынша ақпарат тындалып, талқыланды. Қорытындылай келе Арқалық қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөліміне:
- Бөлімнің жұмысын келесідей ұйымдастыру, статист рөлінен алыстау, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру саласындағы ұйымдастырушылық басшылық рөліне және ауыл шаруашылығы өндірушілеріне жан-жақты тұрақты негізде әдістемелік көмек көрсетуге назар аудару;
- Өңірдің ауыл шаруашылығын басқарудың сапасын арттыру және бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында бөлімді ветеринария және жер қатынастары бөлімдерімен біріктіру ұсынылды.