16.02.2022

2022 жылғы 16 ақпанда Қоғамдық кеңестің жоспар бойынша алғашқы отырысы өтті. Онда мына мәселелер талқыланды:

  1. Қоғамдық кеңестің төрағасы сайланды;
  2. Қоғамдық кеңестің комиссиялары айқындалды, және олардың төрағалары сайланды;
  3. Қоғамдық кеңес төралқасының мүшелері сайланды.

 

Толығырақ атап айтқанда:

1) Бекин Алмас Болатұлы Арқалық қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы болып сайланды.

2) Қоғамдық кеңестің екі комиссиясын құрылды:

- экономика, бюджет және заңдылық мәселелері жөніндегі бірінші комиссия;

- Жастар ісі және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі екінші комиссия.

 Экономика, бюджет және заңдылық мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы болып – Тулекбаев Серік Қонқышұлы тағайындалды.

Жастар ісі және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі комиссияның төрайымы болып – Замзагуль Қажымұқанқызы Мергенова тағайындалды.

  3) Қоғамдық кеңестің төралқасы мына құрамда сайланды: Бекин Алмас Болатұлы; Аяп Сағидолла Жанпейісұлы; Мергенова Зәмзәгүл Қажымқанқызы; Төлекбаев Серік Қоңқышұлы; Хусаинов Жасұлан Қашкенұлы.

Дата публикации
16 февраля 2022