Қостанай облысы
Арқалық қалалық сайлау комиссиясының
ҚАУЛЫCЫ
Арқалық қаласы Қайыңды ауылдық округі әкімін сайлау
бойынша сайлау округтерін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6-тармағына, 21-бабының 4-тармағына және 22-бабына сәйкес, Арқалық қалалық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Арқалық қаласы Қайыңды ауылдық округі әкімін сайлау бойынша сайлау округі құрылсын – Қайыңды сайлау округі Қайыңды, Қызылжұлдыз, Алуа ауылдарының шекараларында:
- Аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен сайлау округінің шекаралары көрсетілген тізімі Арқалық қалалық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және «ARQALYQ habary» қалалық газетінде жариялансын.
Арқалық қалалық сайлау
комиссиясының төрағасы А.Е. Айтмағамбетов
Арқалық қалалық сайлау
комиссиясының хатшысы Ж.К. Бірмағамбетова
Арқалық қаласы,
2022 жылдың 16 қыркүйегі,
№11