Қостанай облысы
Арқалық қалалық сайлау комиссиясының
ҚАУЛЫCЫ
Арқалық қаласы Қайыңды ауылдық округі әкімінің сайлауын 2022 жылдың 16 қазанына белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113 – 1 бабына сәйкес, Арқалық қалалық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Арқалық қаласы Қайыңды ауылдық округі әкімінің сайлауы 2022 жылдың 16 қазанына белгіленсін.
- 2022 жылдың 16 қазанына белгіленген Арқалық қаласы Қайыңды ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау мен өткізу бойынша негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы Арқалық қалалық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және «ARQALYQ habary» қалалық газетінде жариялансын.
Арқалық қалалық сайлау
комиссиясының төрағасы А. Е. Айтмағамбетов
Арқалық қалалық сайлау
комиссиясының хатшысы Ж. К. Бірмағамбетова
Арқалық қаласы,
2022 жылдың 16 қыркүйегі,
№10