БЕКІТЕМІН
Арқалық қалалық сайлау
комиссиясының төрағасы
________ А.Айтмағамбетов
16 қыркүйек 2022 жыл
2022 жылғы 16 қазанға белгіленген Қостанай облысы Арқалық қаласы Қайыңды ауылдық округінің әкімін сайлауға дайындық пен өткізу бойынша негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары
|
1. Қайыңды ауылдық округінің әкімін (бұдан әрі – әкімді) сайлауды белгілеу |
|
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы 2022 жылғы 16 қыркүйек (113-1-б. 2, 3-т.) |
|
2. Сайлау округінің тізімін, оның шекарасы мен аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей - 2022 жылғы 26 қыркүйек (22-б.)
|
|
3. Аумақтық сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей - 2022 жылғы 26 қыркүйектен кешіктірмей (13-б. 4-т.)
|
|
4. Учаскелік сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей - 2022 жылғы 1 қазаннан кешіктірмей
(17-б. 2-т.)
|
|
5. Сайлау учаскесінің шекарасы туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Қала әкімі Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде - 2022 жылғы 1 қазаннан кешіктірмей (23-б. 5-т.)
|
|
6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну |
|
|
|
Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және азаматтар өзін-өзі ұсыну тәртібімен. Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге он бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады 2022 жылғы 17 қыркүйектен бастап 2022 жылғы 30 қыркүйекте жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады). (113-3-б. 1,5-т.)
|
|
7. Әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау |
|
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы (4-т.2-т.т, 113-5 б. 11-т.) |
|
8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы Әкімдікке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап (14-б. 8-1т.т., 31-б.) |
|
9. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған әкімдікке кандидаттарға, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру |
|
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттың Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде (113-4-б.) |
|
10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу Аумақтық сайлау комиссиясы |
|
|
|
Өзін-өзі ұсынған азаматтардың қол қою парақтары тиісті сайлау комиссияларына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде (113-4-б. 7-т.)
|
|
11. Кандидаттардың құжаттарын арнайы тексеруден өткізу үшін Ұлттық қауіпсіздік ұйымына жіберу Аумақтық сайлау комиссиясы Барлық құжаттар тіркелген күннен бастап (113-5-б. 4-т.) 12. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және 2022 жылдың 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі |
|
|
|
Әкімдікке кандидатттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 2-т.)
|
|
13. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну (2022 жылдың 1 қыркүйекке) |
|
|
|
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 3-т.)
|
|
14. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру |
|
|
|
Мемлекеттік кіріс органдары Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде (113-5-б. 3-т.) |
|
15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен он күн бұрын жергілікті уақытпен сағат 18:00-де аяқталады 2022 жылғы 17 қыркүйектен бастап 2022 жылғы 5 қазанда жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады (113-5-б.) |
|
16. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей (113-5-б. 9-т.) |
|
17. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жабдықтау |
|
|
|
Жергiлiктi атқарушы органдар және аумақтық сайлау комиссиялары Үгіт басталғанға дейін (28-б. 6-т.) |
|
18. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу |
|
|
|
Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады 2022 жылдың 5 қазанда жергілікті уақытпен сағат 18.00-де басталып, 2022 жылдың 15 қазанында жергілікті уақытпен сағат 00.00-де аяқталады (27-б. 2-т.)
|
|
19. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Жергiлiктi атқарушы органдар және аумақтық сайлау комиссиялары Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде (28-б. 4-т.)
|
|
20. Сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну |
|
|
|
Қала әкімі Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын 2022 жылдың 26 қыркүйекке дейін (24-б. 5-т.) |
|
21. Сайлау учаскесі бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда 2022 жылдың 1 қазанынан бастап (26-б. 1-т.) |
|
22. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей 2022 жылдың 6 қазанына дейін (18-б. 5) т., 38-б. 2-т.) |
|
|
|
|
|
23. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу |
|
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын 2022 жылдың 13 қазаннан ерте емес және 14 қазаннан кешіктірмей (37-б. 3-т.)
|
|
24. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда 2022 жылдың 16 қазанында жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де (40-б. 1-т.) |
|
25. Дауыс беруді өткізу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Сайлау күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін (38-б. 1-т.) |
|
26. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-ден бастап (18-б. 8)т., 43-б) |
|
27. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу (43-б. 8-т.) |
|
28. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды аумақтық сайлау комиссияларына ұсыну |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (113-8-б. 1-т.) |
|
29. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу |
|
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей 2022 жылдың 19 қазаннан кешіктірмей (113-10-б.) |
|
30. Әкімді сайлау қорытындысы туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап төрт күннен кешіктірмей 2022 жылдың 19 қазаннан кешіктірмей (44-б.)
|
|
31. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде
Сайланған әкімнен жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес, әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін 2022 жылдың 22 қазанынан кешіктірмей
(45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т) |
Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.