Арқалық қалалық мәслихатының білім, денсаулық сақтау, мәдениетті дамыту, спорт, ішкі саясат, жастармен жұмыс, халықты әлеуметтік қорғау, заңдылық, құқықтық тәртіп және азаматтардың өтініштері мәселелері жөнiндегi тұрақты комиссия ҚАУЛЫСЫ

Арқалық қалалық мәслихатының

білім, денсаулық сақтау, мәдениетті дамыту, спорт,  ішкі саясат, жастармен жұмыс, халықты әлеуметтік қорғау, заңдылық, құқықтық тәртіп  және азаматтардың өтініштері мәселелері жөнiндегi тұрақты комиссия

№ __ ҚАУЛЫСЫ

 

Арқалық қ.                                                            2022 жылғы 20 шілде

 

 

 

Арқалық қаласы аумағында жастар саясатын іске асыру барысы туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес және мәслихаттың 2022 жылға арналған  жұмыс жоспарына сәйкес,Арқалық қаласы  әкімдігінің   ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы"  коммуналдық мемлекеттік   мекемесінің  директоры А.С.Ахметжановтың «Арқалық қаласы аумағында жастар саясатын іске асыру барысы туралы»мәселе бойынша ақпаратын тыңдап, талқылағаннан кейін.

Арқалық қалалық мәслихатының білім, денсаулық сақтау, мәдениетті дамыту, спорт,  ішкі саясат, жастармен жұмыс, халықты әлеуметтік қорғау, заңдылық,құқықтық тәртіп  және азаматтардың өтініштері мәселелері жөнiндегi тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1.Арқалық қаласы  әкімдігінің   ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы"  коммуналдық мемлекеттік   мекемесінің  директоры А.С.Ахметжановтың  «Арқалық қаласы аумағында жастар саясатын іске асыру барысы туралы» ақпараты мәліметке алынсын.

«Арқалық қаласы  әкімдігінің   ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы"  коммуналдық мемлекеттік   мекемесіне:

- қаланың әлеуметтік-экономикалық өміріне жастарды тарта отырып, қаланың жастар саясатын жүзеге асыру бойынша мақсатты жұмыстарды жалғастыру;

- мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жастар ұйымдарының бастамаларын қолдауды жүзеге асыру;

- жастардың волонтерлік және эквоволонтерлік қызметін дамытуға жәрдемдесу;

- жастар арасында мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыру;

- мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуын БАҚ және әлеуметтік желілерде белсенді жариялау;

- жастарға арналған маусымдық және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды жалғастыру ұсынылсын.

«Арқалық қаласы ішкі саясат бөлімі», «Арқалық қаласы әкімдігінің білім бөлімі мемлекеттік мекемесіне», «Арқалық қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі», «Арқалық қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемелеріне:

- жастардың бос уақытын ұйымдастыру бойынша мақсатты жұмыс жүргізу;

- жас таланттар мен спортшыларды іздестіруге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асыру ұсынылсын.

«Арқалық қаласы ішкі саясат бөлімі», мемлекеттік мекемесіне жастар арасында құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, «Тазалық өзіңнен басталады» тақырыбында, билбордттар мен әлеуметтік роликтер жасау, құқық бұзушылықтарға "мүлдем төзбеушілік" қағидаттарын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті тәрбиелеу ұсынылсын.

«Арқалық қаласы ішкі саясат бөлімі», «Арқалық қаласы білім бөлімі» мемлекеттік мекемелеріне, қаланың жас тұрғындарының салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастар арасында суицидтің алдын алу мәселесіне назар аудару ұсынылсын.

 

         Тұрақты

         комиссияның төрағасы                                               А.Ахметжанов

 

 

 

«О ходе реализации молодежной политики на территории города Аркалыка»
Дата публикации
20 июля 2022