Арқалық қалалық мәслихатының
білім, денсаулық сақтау, мәдениетті дамыту, спорт, ішкі саясат, жастармен жұмыс, халықты әлеуметтік қорғау, заңдылық, құқықтық тәртіп және азаматтардың өтініштері мәселелері жөнiндегi тұрақты комиссия
№ __ ҚАУЛЫСЫ
Арқалық қ. 2022 жылғы 20 шілде
Арқалық қаласында «2020 - 2023 жылдардағы каникул кезеңінде балаларды сауықтыру демалысын, олардың бос уақытын және жұмыспен айналысуын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 14 қаңтардағы № 1-ө өкімінің орындалу барысы туралы»
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Арқалық қаласының білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы Е.Ж.Мәметековтың «Арқалық қаласында «2020 - 2023 жылдардағы каникул кезеңінде балаларды сауықтыру демалысын, олардың бос уақытын және жұмыспен айналысуын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 14 қаңтардағы № 1-ө өкімінің орындалу барысы туралы» мәселе бойынша ақпаратын тыңдап, талқылағаннан кейін.
Арқалық қалалық мәслихатының білім, денсаулық сақтау, мәдениетті дамыту, спорт, ішкі саясат, жастармен жұмыс, халықты әлеуметтік қорғау, заңдылық,құқықтық тәртіп және азаматтардың өтініштері мәселелері жөнiндегi тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:
2.Арқалық қаласының білім бөлімі мемлекеттік мекемесіне ұсынылсын:
Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелерінде Арқалық қаласы мектеп директорларының жауапкершілігін арттыру бойынша шаралар қабылдансын;
Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруда немқұрайлы қарау фактілеріне жол берілмесін;
Жазғы демалыс кезеңінде білім алушы оқушыларды тәрбиелік және білім беру іс-шараларына қатыстырумен жаппай қамту қамтамасыз етілсін.
Тұрақты
комиссияның төрағасы А.Ахметжанов