Мәслихаттың 2018 жылғы 20 наурыздағы № 164 «Арқалық қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
көрсетілген шешіммен бекітілген «Арқалық қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесінде:
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) нысаналы мақсатты индикаторлар (бұдан әрі - НМИ) - мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына немесе «Б» корпусы қызметшісінің қызметінің ерекшелігіне сәйкес (процесстік жұмысты қоспағанда) белгіленетін, олардың қызметінің тиімділігін дәлелдейтін көрсеткіштер;»;
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«41. «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, персоналды басқару қызметімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.
Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 40-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.»;
42-тармақ алынып тасталсын.
|
Арқалық қалалық мәслихатының хатшысы |
|
Г. Елтебаева |