ЖОБА
Мәслихаттың 2018 жылғы 18 мамырдағы № 179 «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
- Мәслихаттың «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы» 2018 жылғы 18 мамырдағы № 179 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7830 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.