2025 жылға арналған Арқалық қаласының бюджетінің атқарылуы туралы

АРҚАЛЫҚ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ

2026 ЖЫЛҒЫ 19 МАМЫРДАҒЫ № 229 ШЕШІМІ

 

 

 

2025 жылға арналған Арқалық қаласының бюджетінің атқарылуы

туралы

 

          Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 132-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2025 жылға арналған Аркалық қаласының бюджетінің орындалуы жөніндегі есеп қосымшаға сәйкес келесі көлемде бекітілсін:
  • кірістер бойынша – 16698187,5 мың теңге соның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 4291578,1 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 63475,7 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша – 194809,2 мың теңге;

трансферттердің түсімдері бойынша – 12148324,5  мың теңге;

  • шығындар бойынша – 17176386,0 мың теңге;
  • таза бюджеттік несиелеу – -5716,0 мың теңге;
  • бюджет дефициті (профициті) – -472482,5 мың теңге;
  • бюджет дефицитін қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 472482,5 мың теңге;

бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 478285,5 мың теңге;

есепті кезеңнің соңындағы бюджет қаражатының қалдықтары – 503630,3  мың теңге.

  1. «Арқалық қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне ұсынылсын: 2026 жылға арналған Арқалық қаласының бюджетін орындалу кезінде Қостанай облыстық тексеру комиссиясының ұсыныстары ескерілсін.
  2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

 

 

Арқалық қалалық

мәслихатының төрағасы                                          Г.Елтебаева

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
02 июня 2026