Аудандық мәслихат депутаттарының назарына!
Аудандық мәслихаттың кезекті 54 сессиясы 2026 жылдың 2 қазанында сағат 11.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткізіледі.
Сессияның күн тәртібінде «Аудан көлемінде халық денсаулығын сақтау жұмыстарының жайы және ана мен бала денсаулығын қорғау шараларының орындалу барысы туралы», «Аудандағы әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы туралы» мәселелер қаралатын болады.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы сол күні сағат 09.30-да басталады.
Аудандық мәслихат депутаттарының назарына!
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 53 сессиясы 2026 жылы 3 қыркүйек күні сағат 11.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткізіледі.
Сессияның күн тәртібінде «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №461 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе қаралатын болады.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы сол күні сағат 10.00-де басталады.
Аудандық мәслихат депутаттарының назарына!
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 52 сессиясы 2026 жылдың 21 тамызында сағат 11.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткізіледі.
Сессияның күн тәртібінде «Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №467 «2026-2028 жылдарға арналған Арал қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе қаралатын болады.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы сол күні сағат 10.00-де басталады.
Аудандық мәслихат депутаттарының назарына!
Аудандық мәслихаттың кезекті 51 сессиясы 2026 жылдың 7 тамызында сағат 11.30-да аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткізіледі.
Сессияның күн тәртібінде «Арал ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы туралы есебі», «Ауданда қылмыстың алдын алу және құқықтық тәртіпті нығайту шаралары туралы» және басқа да ағымдағы мәселелер қаралатын болады.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы сол күні сағат 09.30-да басталады.
Аудандық мәслихат депутаттарының назарына!
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 49 сессиясы 2026 жылдың 24 маусымында сағат 11.30-да аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткізіледі.
Сессияның күн тәртібінде «2026-2028 жылдарға арналған қала, кент, ауылдық округтер бюджеттеріне өзгерістер енгізу туралы» және басқа да ағымдағы мәселелер қаралатын болады.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы сол күні сағат 09.30-да басталады.
Аудандық мәслихат депутаттарының назарына!
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 47 сессиясы 2026 жылдың 15 мамырында сағат 11.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткізіледі.
Сессияның күн тәртібінде «2025 жылға арналған Арал ауданы, қала, кент және ауылдық округтердің бюджеттерінің атқарылуы жөніндегі жылдық есепті бекіту туралы» мәселелер қаралатын болады.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2026 жылдың 14 мамырында сағат 15.00-де басталады.
Арал аудандық мәслихаты
Аудандық мәслихат депутаттарының назарына!
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 46 сессиясы 2026 жылдың 28 сәуірінде сағат 17.00-да аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткізіледі.
Сессияның күн тәртібінде «Арал ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Арал аудандық мәслихатының 2023 жылғы 11 қазандағы №103 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» және басқа да ағымдағы мәселелер қаралатын болады.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы сол күні сағат 15.00-да басталады.
Арал аудандық мәслихаты.
Аудандық мәслихат депутаттарының назарына!
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 45 сессиясы 2026 жылдың 30 наурызында сағат 17.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткізіледі.
Сессияның күн тәртібінде «2026-2030 жылдарға арналған Арал ауданының даму бағдарламасын бекіту туралы» 2025 жылғы 29 желтоқсандағы Арал аудандық мәслихатының №495 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» және басқа да ағымдағы мәселелер қаралатын болады.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы сол күні сағат 15.00-да басталады.
Арал аудандық мәслихаты.
Аудандық мәслихат депутаттарының назарына!
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 42 сессиясы 2025 жылдың 29 желтоқсанында сағат 11.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткізіледі.
Сессияның күн тәртібінде «2026-2030 жылдарға арналған Арал ауданының даму жоспарын бекіту» және басқа да ағымдағы мәселелер қаралатын болады.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы сол күні сағат 10.00-де басталады.
АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА
Арал аудандық мәслихатының кезектен тыс 41 сессиясы 2025 жылдың 23 желтоқсаны күні сағат 17.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткізіледі.
Сессияның күн тәртібінде «2026-2028 жылдарға арналған қала, кент, ауылдық округтердің бюджетін бекіту туралы» және басқа да ағымдағы мәселелер қаралатын болады.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы сол күні сағат 15.00-де басталады.