«2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Арал аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 313 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

«2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»

Арал аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы

 № 313 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Арал аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы №313 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №205073 нөмірімен тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1.2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет 1,2 және  3- қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1)кірістер – 16 887 155,3 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 3 537 748 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 57 208 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер – 38996 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 13 243 203,3 мың теңге;

2) шығындар – 17 218 092,6 мың теңге;

3)таза бюджеттік кредит беру – 1 010 725 мың теңге;

бюджеттік кредиттер – 1 057 454 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 46 729 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо –             30 014 мың теңге;

қаржы активтерін сатып алу – 30 014 мың теңге;

мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5)бюджет тапшылығы (профициті) – - 1 381 676,3 мың теңге;

6)бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –                    1 381 676,3 мың теңге;

қарыздар түсімі – 1 057 454 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 46 729 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 370 951,3 мың теңге.».

Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

                2.Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Арал аудандық мәслихатының

төрағасы

 

Б.Турахметов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
12 января 2026