2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы
«Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі» Қазақстан Республикасы Кодексінің 91-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3- қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1)кірістер – 12 640 436 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 3 495 506 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 76 331 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер – 454 894 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 8 613 705 мың теңге, оның ішінде субвенциялар – 3 092 241 мың теңге;
2)шығындар – 12 640 436 мың теңге;
3)таза бюджеттік кредит беру – -2 945 мың теңге;
бюджеттік кредиттер – 69200 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 72 145 мың теңге;
4)қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0;
қаржы активтерін сатып алу – 0;
мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5)бюджет тапшылығы (профициті) – 2 945мың теңге;
6)бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – - 2 945 мың теңге.
2.2026 жылы кірістерді бөлу нормативтері:
облыстық бюджетке 103.101 «Әлеуметтік салық» коды бойынша – 100 пайыз;
аудандық бюджетке 101.201 «Төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы» коды бойынша – 100 пайыз болып белгіленсін.
3.Облыстық бюджеттен берілетін субвенциялардың көлемдері 2026 жылға 3 092 241 мың теңге, 2027 жылға 2 282 158 мың теңге, 2028 жылға 2 060 209 мың теңге болып белгіленгені ескерілсін.
4.Аудандық бюджеттен қала, кент және ауылдық округ бюджеттеріне берілетін субвенциялардың көлемдері 2026-2028 жылдарға төмендегіше көзделсін, оның ішінде:
(мың теңге)
|
Қала, кент, ауылдық округ атауы |
Жылдар |
||
|
2026 |
2027 |
2028 |
|
|
Арал қаласы |
0 |
0 |
0 |
|
Сексеуіл кенті |
68 551 |
83 637 |
84 456 |
|
Жақсықылыш кенті |
0 |
0 |
0 |
|
Ақирек ауылдық округі |
68 414 |
69 778 |
75 775 |
|
Аққұм ауылдық округі |
100 581 |
99 594 |
100 435 |
|
Аманөткел ауылдық округі |
119 675 |
121 357 |
122 582 |
|
Аралқұм ауылдық округі |
41 434 |
41 889 |
39 638 |
|
Атанши ауылдық округі |
63 539 |
66 288 |
66 431 |
|
Бекбауыл ауылдық округі |
80 304 |
82 400 |
85 234 |
|
Беларан ауылдық округі |
67 828 |
69 687 |
70 354 |
|
Бөген ауылдық округі |
81 304 |
84 215 |
85 789 |
|
Жаңақұрылыс ауылдық округі |
69 213 |
70 544 |
71 566 |
|
Жетес би ауылдық округі |
63 224 |
64 178 |
64 832 |
|
Жіңішкеқұм ауылдық округі |
62 544 |
63 565 |
64 471 |
|
Қамыстыбас ауылдық округі |
88 501 |
91 064 |
91 873 |
|
Қарақұм ауылдық округі |
85 704 |
88 197 |
88 557 |
|
Қаратерең ауылдық округі |
60 457 |
62 288 |
63 493 |
|
Қосаман ауылдық округі |
83 077 |
84 670 |
85 313 |
|
Қосжар ауылдық округі |
59 698 |
61 988 |
62 780 |
|
Құланды ауылдық округі |
65 473 |
65 417 |
68 290 |
|
Мергенсай ауылдық округі |
64 919 |
66 917 |
68 094 |
|
Райым ауылдық округі |
132 745 |
135 536 |
137 650 |
|
Сазды ауылдық округі |
62 043 |
63 826 |
64 732 |
|
Сапақ ауылдық округі |
43 332 |
45 461 |
45 483 |
|
Барлығы: |
1 632 560 |
1 682 496 |
1 707 828 |
5.Ауданның жергілікті атқарушы органының резерві 2026 жылға 96 730 мың теңге көлемінде бекітілсін.
6.Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Арал аудандық мәслихатының
төрағасы
Б.Турахметов