«Арал ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы» Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2023 жылғы 23 маусымдағы № 69 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.«Арал ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы» Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2023 жылғы 23 маусымдағы № 69 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8427-11 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Арал аудандық мәслихатының
төрағасы
Б.Турахметов